Қауіпсіздік статистикасы: төрт жылда 2,3 мың малды пойыз қаққан

Қауіпсіздік
08.11.2022, 10:17
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Статистикалық мəліметтерге сəйкес, өткен 4 жыл ішінде 322 адамды жəне 2,3 мың малды пойыз қаққан.

Оқиға салдарынан 187 адам қаза тауып, 135-і əртүрлі дəрежеде жарақат алған. 31 адам суицид жасаса, 30 адам ішімдіктің салдарынан қайғылы жағдайға ұшыраған.  

– Адамдардың теміржолда белгіленбеген жерлерден өтуі жəне төрт түліктің қараусыз жайылуы келеңсіз оқиғалардың негізгі себептері болып отыр. 2019-2021 жылдар аралығында жəне осы жылдың 8 айында теміржол көлігінде қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 559-бабы бойынша жеке жəне заңды тұлғаларға қатысты 854 əкімшілік іс қозғалды, – деді Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген ҚР Бас прокуроры Берік Асылов.  

Айтуынша, биылғы жылы Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері магистральдық теміржол желісінің 8 объектісін тексерген. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігімен жəне ҚТЖ-мен бірлесіп, теміржол бойындағы қоршауларға 1 022 тексеру жүргізген. Оның қорытындысы бойынша ҚТЖ-ға 832 ұсыныс енгізіліп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 479-бабымен 59 лауазымды тұлға əкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды