Күзгі байқау: Қатал маусымға әзірлік қалай?

Қауіпсіздік
10.10.2023, 09:06
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл магистральдық теміржол желісі нысандарына жүргізілетін күзгі комиссиялық байқау «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының нұсқауына сәйкес филиалдарда 11 қыркүйек пен 13 қазан аралығын қамтып отыр.  

Магистральдық желі дирекциясы мамандары қыс алдында шаруашылықтардың дайындығын пысықтаған байқау барысында инфрақұрылым, жылжымалы құрам, өндірістік-техникалық нысандар, техникалық құралдардың ағымдық жағдайы бақылауға алып, оларды күтіп ұстауда қандай да бір ауытқушылықтың барына ерекше көңіл бөлуде. Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, оларды сақтаудағы талаптардың орындалуы, еңбек қорғау және қауіпсіздік жағдайы назардан тыс қалмайды. Магистральдық желі бойына орнатылған қардан қорғау қалқандары, қазандықтар, ғимараттар мен жасанды құрылыстар, жылу трассалары, су өткізу құбырларының жағдайы да тексерілуде. Теміржолшылардың  қыстық киімдермен және арнайы аяқ киіммен, көмірмен, жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі тексеріліп, мамандардың кәсіби дайындық деңгейі де назардан тыс қалмауда.  

«Бір ай көлемінде дәстүрлі күзгі комиссиялық байқауды өткізуге қатысты тамыз айының соңында ЦЗ Қ.Әлмағамбетовтің бұйрығы шықты. Сәйкесінше, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің өңірлік филиалдарына 1 қыркүйекте телеграммалық нұсқау жіберілді. Ал ҚТЖ-Жүк тасымалы бөлімшелерінде тиісті бұйрықтар шығарылып, кестелер, бағдарлар әзірленді. Байқауды өткізу кезінде күзгі және көктемгі байқауларды ұйымдастыру стандарты талаптарының орындалуына аса мән берілді.  Байқау жұмысына созылмалы аурулары және жастық шектеулері бар тұлғалардың қатысуына тыйым салынды және тексеру жұмыстары кезінде санитарлық-дезинфекциялық шаралардың сақталуы талап етілді», – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас инженері Марлен Көкірекбаев.  

Оның айтуынша, «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС бойынша 21 іс-шара жоспарланса, соның бүгінде 12-сі толық орындалған. Мәселен, 500 тонна мазутпен, 20 мың дана тежегіш табандықпен қамтамасыз ету жоспары толығымен орындалса, өңірлердегі локомотив пайдалану деполарында локомотив бригадаларын және локомотивтерді қыс маусымында жұмыс істеуге дайындау және пайдалану жұмыстары 100% атқарылған. Локомотив және вагон пайдалану деполарында вагон шаруашылығы қызметкерлерімен бірлескен қыста автотежегіш жабдығының жұмыс істеуі және оған қызмет көрсету конференциясы өткізілген. Сондай-ақ белгі шамдарымен, қысқы дизельдік отынмен, жылуға қажетті электрэнергиясымен және көгілдір отынмен қамтамасыз ету іс-шарасы толық орындалған. Қазір «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бойынша 9 іс-шара орындалу үстінде екен.  

 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады