Теміржол маңында мал жаю қағидаларын бұзған тұрғындар жауапқа тартылды

Қауіпсіздік
16.01.2024, 16:37

Теміржол маңында мал жайғандары үшін үй жануарларының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.  

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері қараусыз қалған үй жануарларының теміржолдарға шығуын болдырмау мақсатында алдын алу жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді. Соған қарамастан, департаментте әрбір кезекші тәулік ішінде теміржол төсемінде малдың болуына байланысты пойыздардың шұғыл тежелу фактілері тіркеліп жатыр.  

Мәселен, күні кеше мұндай факт Павлодар облысының аумағында тіркелді. Бозшакөл – Үленті станцияларының аралығында жүк пойызы бес жылқыны қағып кетті. Салдарынан жануарлардың барлығы өліп, жоспарланбаған пойыз тұрағы 13 минутты құрады. Екібастұз станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында мал иесін анықтады. Ол Павлодар облысының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған азамат теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

Осыған ұқсас жағдай 13 қаңтарда Атырау облысының Құлсары станциясында да тіркелді. Бұл жолы Волгоград – Ташкент бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржолда түйелердің болуына байланысты шұғыл тежеу қолданды. Алайда соғудың алдын алу мүмкін болмай, пойыз бес түйені қағып кетті. Түйелердің иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.  

Шұғыл тежеуді қолдану және жануарларды қағып кету пойыздардың ұзақ уақыт тоқтап қалуына, локомотивтердің зақымдалуына, тіпті, айтарлықтай шығынға әкеп соғады. Осыған сәйкес, көлік полицейлері үй жануарларының иелеріне қауіпсіздік шараларын сақтап, теміржол маңында жануарларды жаю кезінде аса мұқият болуды ескертеді.

 

Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді