Нұрлан Сауранбаев: Біздің міндетіміз – жарақаттануды толығымен жою

Қауіпсіздік
23.04.2024, 11:19
Cуретті түсірген Александр ЖАБЧУК

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев еңбек қауіпсіздігіне қатысты үндеу жасады. 

Назарларыңызға үндеуді қаз-қалпында беруді жөн көрдік:

2024 жылы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы жүктер мен жолаушыларды қауіпсіз және сапалы тасымалдауды қамтамасыз ету, мемлекеттің транзиттік және экспорттық әлеуетін дамыту бойынша жұмысын жалғастырады. Мыңдаған адамнан тұратын Компания ұжымының алдында үдерістер тиімділігін арттыру, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру міндеттері тұр. 

Қызметіміздің стратегиялық бағыттарының бірі – еңбекті қорғау және өндірістік үдерістер қауіпсіздігі жүйесін одан әрі жетілдіру. 

Компаниямыз үшін қызмет көрсету, еңбек қауіпсіздігі, денсаулықты қорғау басты құндылық болып табылады. Өкініштісі сол, қабылданған шараларға қарамай, статистика алаңдатарлық. 2023 жылы біз 6 әріптесімізден айырылдық. Міндетті мерзімді медициналық тексеруден өткеннен кейін жұмыс орындарында денсаулығы күрт нашарлау жағдайлары артты. Көбінесе технологиялық үдеріске қатысушылар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтамайды, ал осы талаптардың орындалуына жауаптылар әріптестері тарапынан болып жатқан бұзушылықтарды көрсе де көрмеген болып шет қалады. 

Біз еңбек қауіпсіздігі мәселесінде көзқарасымызды түбегейлі өзгертуіміз керек. Әркім кез келген бұзушылыққа төзбеушілік танытуға міндетті. Әрқайсымыздан қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау талап етіледі. Сонымен қатар ұжым үшін басшы еңбек қауіпсіздігі қағидаттарын ұстанудың жеке үлгісі болуы керек. 

Іс жүзінде бөлімшелердің бірінші басшылары қауіпсіздіктің мінез-құлық диалогтарын тұрақты жүргізбейді. Тіпті жүргізілгеннің өзінде, орын алған жазатайым оқиғалардың негізгі себептері жұмысшылар тарапынан болып жатқан қауіпті әрекеттерге емес, қауіпті жағдайларға көп назар аударылады. 

Егер әріптестерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, компанияның әрбір қызметкеріне кез келген жұмысты тоқтату құқығының берілуі – жарақаттануды азайтуға бағытталған тиімді құралдардың бірі болып табылады. Бұндай мінез-құлық тәсілі мен қауіпсіздікті басқаруға жеке қатысу компанияда қалыпты жағдайға айналады деп үміттенемін. 

Біздің міндетіміз – жарақаттануды толығымен жою, өндірістің апатсыз жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмысшылардың санасында еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру. Еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілген кезде ғана нәтиже береді. Біздің барлық құрылымдарымызда жазатайым оқиғалардың санын нөлге жеткізу үшін барынша күш салу керек. Жұмыс істеу үшін қауіпсіз ортаны бірге құрайық! 

Нұрлан САУРАНБАЕВ, 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті