Шу станциясында 21 жылдан бері жарақаттану жағдайы тіркелмеген

Қауіпсіздік
04.09.2024, 10:04
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Шу станциясында өндіріс жағдайында оқыс оқиға, жарақаттану жағдайы тіркелмегелі 21 жыл уақыт өткен. Бұл жыл айрығындағы 12 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, есебін беріп, келер жылды жоспарлайтын кезең еді. Орын алған оқиға станция теміржолшыларына үлкен сабақ болды...

Содан бері 7 жарым мыңнан астам күн өтті. Осы уақыт аралығында станция қызметкерлері ондай келеңсіздікке жол бермеу үшін күресіп келеді. Яғни өндіріс қырағылық пен сақтыққа құрылған, әрбір теміржолшы шалыс басқан қадам үшін қандай жауапкершілік пен ауыртпалық жүктелетінін жақсы біледі.  

– Бұл тек қағаздағы жақсы көрсеткіш, ал адам – ең маңызды фактор. Теміржолшылардың еңбек қауіпсіздігін сақтау – әрдайым бірінші орында тұратын мәселе. Біз теміржолдың жоғары қауіпті аймақ және адамның өмірі ең қымбат екенін ешуақытта естен шығарған емеспіз. Және әрбір қызметкерден ақырын жүріп, анық басып, қауіпсіз еңбек қағидаларын сақтауды талап етеміз. Жазатайым жағдайлардың алдын алу үшін барлық нұсқамаларды орындап, талаптарды сақтап, жұмыс жүргіземіз. Сонымен қатар өндірісте оқыс оқиға, жазатайым жағдайлардың алдын алу, еңбек талаптарын сақтау мақсатында теориялық және практикалық оқу курстары өткізіліп тұрады, – дейді Шу станциясының бастығы Саят Құсаинов.  

Өндірісте жарақаттануға жол бермей, ұзақ жыл оқыс оқиға, апатсыз жұмыс істеп, жақсы көрсеткіштерге жеткен Шу станциясына 2019 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас инженерінің №062 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Сенім сертификатына ие болған.  

Ал жақында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесіндегі еңбек қауіпсіздігі тақырыбында өткен семинарда жазатайым оқиғасыз жұмыс істеген мекемелер анықталып, осындай еңбек тәжірибесі қалыптасқан Шу станциясы филиал директорының Алғыс хатымен марапатталды. Шу – тәулігіне 2210 вагонды қайта өңдеу қабілеті бар кластан тыс станция. Онда штат бойынша бүгінгі таңда 193 теміржолшы еңбек етеді.  

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды