Теміржол өткелінде қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Қауіпсіздік
18.03.2025, 09:34
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Маңғыстау жол дистанциясы мен желілік полиция қызметкерлері бірлесіп автокөліктер қозғалысы жиі өткелдерде жүргізушілермен кездесу өткізді.

Теміржол өткеліндегі профилактикалық іс-шаралар Жаңаөзен қаласы мен Қарақия, Мұнайлы, Маңғыстау аудандарында жүргізілді. Дистанция қызметкерлері полиция инспекторларымен бірге аталған теміржол өткелдерінде автокөлік жүргізушілерімен кездесіп, теміржолдан өту ережелерінен түсінік берді. Бұл алдын алу іс-шаралары аясында бұдан басқа техникалық сабақтар және тәжірибелік жұмыстар да ұйымдастырылған.  

– Теміржол өткелі – өте қауіпті аймақ. Одан өтерде қарапайым жол ережесін сақтамау салдары қаншама қауіп-қатерді туындатуы мүмкін. Осы жылдың 16 қаңтарында Алматыда Жетіген – Алтынкөл теліміндегі теміржол өткелінде осындай себептен жол-көлік оқиғасы тіркелген еді. Мұндай жағдай өткен жылдың соңғы айында Түркістан – Шорнақ күзетпелі теміржол өткелінде де жүк көлігі жүргізушісінің қателігі салдарынан болған болатын. Сондықтан теміржол өткеліндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Дистанция аумағында профилактикалық түсіндіру іс-шараларын өткіздік. Көліктер қатынасы жоғары аумақтардағы автокөлік жүргізушілерімен сөйлесіп, темір жолдан өту ережелерін қайталап, тағы да есіне салдық, – деген Маңғыстау жол дистанциясының жетекші инженері Мұхтар Кульчанбаевтың айтуынша, түсінік жұмыстары Бекет 13-ст.Шетпе, ст.Шетпе-Бекет 14, Бекет 14-15, 15-16, Бекет 16-Тамақ, Тамақ-ст. Маңғыстау, ст.Маңғыстау-Бекет «Р», Бекет «Р»-ст.Боржақты, ст.Боржақты-ст.Қарақия, ст.Қарақия-ст.Жетібай, ст.Жетібай-ст. Жаңаөзен аралықтарындағы және ст.Жаңаөзендегі 305, 314, 324, 337, 368, 377, 388, 399, 2, 13, 70, 73, 115, 121, 137, 151, 179, 181-шақырымдарда орналасқан күзетпелі және күзетпесіз теміржол өткелдерінде жүргізілген.  

 

Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді