Теміржолшылардың төтенше жағдайға дайындығы пысықталды

Қауіпсіздік
20.05.2025, 08:44
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биылғы 15 мамырда Жаңаесіл станциясында локомотив бригадасы таңертеңгі сағат 9.55- те станция кезекшісіне 217 км-дегі 1 пикетте өрт ошағы пайда болғанын хабарлады. 0,2 га аумақты шарпыған өрт салдары жақын елді мекендер мен орман өсімдіктерін отқа орау қаупін туғызды.

Бұл Жаңаесіл станциясындағы парк аумағында «Қатты жел мен құрғақ шөптен теміржолда шыққан шартты өртті жою жұмыстарын ұйымдастыруға практикалық іс-шаралар өткізу» деп аталатын өрт-техникалық оқу-жаттығуының сценарийі еді. Оқу-жаттығуға аталған станция теміржолшыларымен қатар «Ақмола-ЖТ» бөлімшесі, Ақмола магистральдық желі бөлімшесінен ПЧ-16 мекемесі, ПЧ-14, ШЧ-13, ЭЧ-7, ТЧЭ-9, ВЧД-34, әскери күзет қызметі және осы станциядағы өрт пойызы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД мен Ғ.Мүсірепов ауданының ТЖ бөлімі қызметкерлері қатысты.  

– Жалпы іс-шараның мақсаты – техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарын жою және өрт сөндіруді ұйымдастыру бойынша практикалық іс-шараларды өткізуді пысықтау. Сонымен қатар тиісті мекемелердің төтенше жағдай кезінде жұмысқа шектеулі уақытта дайын болуға әзірлеу, құрылымдарды тұрақты басқаруды қамтамасыз ету еді. Әрі осындай жаттығулар барысында теміржол мен мемлекеттік мекемелер бойынша өрт сөндіру бөлімшелерінің өзара іс-қимылы да тексеріледі, – дейді Жаңаесіл станциясы  бастығының орынбасары Нұрбол Назаров.  

Оқу-жаттығу кезінде зардап шеккендер қауіпті аймақтан оқшауландырылып, медициналық көмек пункттеріне жеткізілді. Оларға жедел жәрдем қызметі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жөнелтті.  

Қауіпсіздік бойынша ескерту белгілері қойылып, апатты-құтқару жұмыстары жүріп жатқан жердегі оперативтік штабпен байланыс ұйымдастырылды. Өрт сөндіруге жұмылдырылған қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын сақтауы қадағаланды. Іс-шараны өткізу бойынша жедел штаб құрылып, оқу-жаттығу нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша хаттама толтырылды. Оларды жою үшін тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді. Жалпы оқу-жаттығу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оң баға берілді.  

 

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды