Қауіпсіздікті сақтау – өміріңді сақтау

Қауіпсіздік
22.09.2025, 18:42
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-да жақын уақыттан бері қолға алынған пойыздағы медиа-кездесу одан әрі жалғасын тапты. Бұл жолы БАҚ өкілдері Астана – Бурабай жүрдек электр пойызында «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Серік Айқынбековпен кездесіп, теміржолдағы қауіпсіздікке қатысты сұрақтарына жауап алды.

Республикалық және салалық БАҚ өкілдерімен кездесуде спикер теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жүрген шаралар, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы айтып берді. «Нұрлы жол» вокзал кешенінен басталып, Астана-1 вокзалына дейінгі аралықта жалғасқан медиа-кездесуде теміржол маңайында жүргенде ата-аналар мен оқушылардың нені есте сақтауы керектігі, темір жол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының және темір жолда адамдарды пойыз басып кету себептері, компания тарапынан қайғылы оқиғалардың алдын алу және тәуекелдерді азайту бойынша жасалып жатқан қадамдар сөз болды.  

– Биылғы 8 айда ҚТЖ бойынша теміржолда 44 рет адам басу оқиғасы болды. Былтыр осы аралықта 62 оқиға тіркелген екен. Бұл келеңсіздікке 39 пайыз жағдайда адамдардың ішімдік ішуі себеп болса, 36 пайыз жағдайда адамдар құлаққап тағып алып, белгіленбеген жерден өткен, ал 14 пайызында вагон астынан өтіп кетем деп пойызға басылған, 11 пайызында өзіне өзі қол жұмсап, пойыз астына түскен. Осы есепті кезең ішінде теміржол бойында пойыз басудан 27 адам көз жұмып, 23 адам жарақат алды. Соның ішінде 1,5-4 жас аралығындағы 4 бала зардап шексе, 2 бала қайтыс болды. Ал локомотив бригадаларының шұғыл тежегіш қолдануы арқасында 409 адамның пойызға басылуына жол берілмеді. Жалпы теміржолшылар тарапынан қолға алынып, жоспарлы түрде жүзеге асырылатын профилактикалық жұмыстардың арқасында адам басу оқиғасы былтырғымен салыстырғанда 29 пайыз азайып, жалпы қауіпсіздік талаптарының бұзылуы 16 пайызға кеміді, – дейді спикер.  

Мамандардың айтуынша, соңғы 3 жылда 226 адам басу оқиғасы тіркелген. Теміржолды қоршау қауіпсіздікке 100 пайыз кепілдік бермейді. Мәселен, қазір 26 станция мен 3 аралықта 211 км қоршау қойылған, тағы 242 км теміржол қоршауды қажет етеді. ҚТЖ-да 1026 теміржол өткелі бар, өткелдердегі автокөлік пен пойыздың соғысуы бойынша соңғы 5 жылда 124 оқиға тіркелген. Биыл 8 айда 16 жағдай орын алған. Бұған көбіне автокөлік жүргізушілері тарапынан өткелдерден өту ережелерін сақтамауы себеп болуда. Бүгінгі таңда елде 44 өткелде бейнебақылау орнатылған. 41 жолаушылар көпірінде, 128 жолаушылар өткелінде және 247 өткелде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.  

Атап өтерлігі, теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін азаматтарға 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе ескерту беріледі. Ал өткелде ереже бұзып, теміржолды кесіп өткені үшін көлік жүргізушілеріне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 9 айға көлік жүргізу құқығынан айрылады.  

Қазір 1-30 қыркүйек аралығында «Шара қолдан – өмірді сақта!» атты айлық өтіп, соның аясында 102 жұмыс тобы құрылды. Олар теміржолға жақын орналасқан 362 оқу орнына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан бері профилактикалық мақсатта 1512 жиналыс, 851 рейд өткізіліп, 123-тен астам қауіпсіздік бойынша ескерту белгілері қойылған. Компания қызметкерлері алдын алу жұмыстары үздіксіз жүргізіле береді, алайда адамдардың өз өмірі үшін жауапкершілік сезімін күшейтуі өте маңызды деп санайды.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады