Теміржолшылар жасанды интеллект көмегіне жүгінді

Қауіпсіздік
09.01.2026, 08:38
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаштық теміржолшылар жол бойына мал жаймау қажеттігін жасанды интеллект көмегімен халыққа түсіндіре бастады. Олар бұл әрекеттің тек экономикалық шығын ғана емес, адам өміріне тікелей қауіп төндіретінін қарапайым тілмен жеткізуді мақсат еткен.

Қандыағаш жол дистанциясы Жем – Қандыағаш, Сағыз, Никельтау учаскелерін қоса алғанда жалпы ұзындығы 497,6 шақырым телімді қамтиды. Соңғы уақытта осы аралықта төрт түлік малдың теміржол бойына шығу деректері жиілеп кеткен.  

Дистанция мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері малдың теміржолға шығуына байланысты 76 оқиға тіркелген. Мұндай жағдайлар жолаушы және жүк пойыздарының қозғалыс қауіпсіздігіне, жолаушылардың өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, қауіпті жүк тасымалы кезінде вагондардың рельстен шығып кету қаупін арттырады. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін.  

Қандыағаш жол дистанциясының қызметкерлері жол бойына мал шығып кету оқиғаларын азайту мақсатында профилак тикалық жұмыстарды күшейтті. Теміржолға жақын орналасқан елді мекендерде тұрғындармен және мал иелерімен жеке кездесулер өткізіліп, мал жаю ережелері түсіндірілуде. Қадағалаусыз малдың жолға шығуына жол бермеу жөнінде ескертулер берілді.  

Мамандардың айтуынша, теміржол бойында бөгде заттардың жатуы, белгіленбеген жерден адамдардың өтуі және малдың жолға шығуы – қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін негізгі факторлар. Дистанция қызметкерлері жайылымға жіберілген малдың темір жолға шығып кетуінен туындайтын шұғыл тежеулердің алдын алу үшін тұрақты түрде күрес жүргізіп келеді.  

Еңбек қорғау инженерлері мал иелеріне теміржолға жақын жерде мал жаю талаптарын үнемі түсіндіруде. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 559-бабына сәйкес, малды рельстен кемінде 300 метр қашықтықта байлап жаюға, ал тұрақты бақылаумен 2000 метр қашықтықта бағуға рұқсат етіледі.  

Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Атап айтқанда, көлік арбамен теміржолдан өту ережесін бұзу, мал айдап өту немесе теміржол аумағында мал жаю фактілері үшін ескерту беріледі немесе азаматтарға 5 АЕК-ке дейін, ал лауазымды тұлғаларға 10 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды