Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған

Қауіпсіздік
02.03.2026, 17:41
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Павлодар темір жолында жыл басынан бері 300-ге жуық адам белгіленбеген жерден теміржол төсемін кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ төрт түліктің жолға шығып кетуі де жиілеген.

Павлодар станциясы Желілік полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Әлімбергенов алға тартқан деректерге сүйенсек, 2025 жылы пойыз машинистері 87 рет шұғыл тежегіш басуға мәжбүр болған. Оның үшеуі адамның қатысуымен туындап, соңы қайғылы жағдайға әкелген. Адамдар аспалы көпірлерден өтпей, жолды қысқартып, уақытты үнемдегісі келеді. Мұның соңы темір жолда жарақат алуға немесе өлімге әкеп соғады. Биылдың өзінде 295 облыс тұрғыны темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін бұзған. Сонымен бірге шойын жол маңына мал жайған 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған.  

Мұндай оқиғалар қозғалыс кестесінің бұзылуына, жолаушылар мен жүк пойыздарының кешігуіне әкеледі. Ал келтірілген шығын кінәлі тұлғадан, яғни мал иесінен өндіріледі.  

Желілік полиция профилактикалық рейдтер мен тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізуде.

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты