Вокзалдағы «Боздағын күткен ана» ескерткіші жайлы бір үзік сыр

Темір жол тарихы
13.09.2022, 13:33
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол вокзалдары өткен тарих пен әр кезеңде өмір сүрген адамдардың сан қилы тағдырының куәсі іспетті. Сондай тарихи кезең кейіпкеріне былтыр Мақат станциясы вокзалында ескерткіш қойылды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Боздағын күткен ана» ескерткіші Ұлы Отан соғысына кеткен ұлын өмір бойы күткен Сәнді анаға арналды.

Мақат кентінің бұрынғы әкімі Шәкір Кейкіннің бастамасымен қойылған ескерткіш екінші дүниежүзілік соғыста баласынан айырылған аналардың прототипі десе де болады. Өмірде болған адам – Сәнді Деңгелбайқызы жалғыз ұлын майданнан 30 жыл бойы сарыла күткен. Алайда хабарсыз кеткен жалғызынан бір дерек ала алмай, 1973 жылы 95 жасында өмірден озыпты. Аяулы ананың өле-өлгенше үзілмеген үмітіне куә болған ауылдастары оның өмірін аңыз ғып айтады.  

Сәнді әженің інісінің ұлы, Деңгелбаевтар әулетінің ақсақалы Орақ қарияның айтуынша, кейуананың жұбайы 1920 жылы қайтыс болған, ал содан қалған жалғыз ұлы Нәби Махамбетов 1942 жылдың қыркүйегінде әскерге алынған. Кейін Сталинград майданына кірдік деген жалғыз хат келіпті. Содан кейін хабарсыз кеткен.

– Ол кезде Орынбордан қатынайтын жалғыз жолаушы пойызы болды. Апамыз вокзалға келіп сол пойызды күтетін. Әскери киім киген адамдар көрсе қолындағы барын солдаттарға таратып, «Нәбиім де осылай бір жерде жүр ғой» дейді екен. Бауырларының қасында, солардың қамқорлығында өмір сүрсе де, жалғызымды бір көрсем деген арманмен дүниеден өтті, – дейді өмір бойы мұнайшы болып еңбек еткен, партия қызметімен арасында 3 жылдай теміржолда да жұмыс істеген, бүгінде жасы сексенге таяп қалған Орақ ақсақал.  

Жалғызынан күдер үзбеген кейуана отыз жыл бойы күн құрғатпай вокзалға келіп тұрған. Пойыздан түскен жолаушылардың арасынан баласын іздеп жүреді екен күнұзақ. Сәнді ананың осынау жанкешті тірлігіне таңқалып әрі аяп қарайтын байырғы теміржолшылар оны ерекше құрметтеген. Вокзал қызметкерлері ылғи көмектесіп, тынығып, тамақ ішуіне жағдай жасап жүреді екен. Шерлі ананың тағдырын ақындар шығармашылығына арқау етіп, жыр арнаған. Бір жиені ол туралы баллада жазыпты.  

– Тоғыз жолдың торабы саналатын Мақат станциясының тарихы 1939 жылдан бастау алады. Басында Орынбор теміржолының құрамында болды. Шағын ғана станция еді, вокзал ішінде кішкентай ғана ағылшын пеші тұратын, халық соның айналасына келіп, жылынатын, жалпы сол жылдары бұл вокзал көпшілік жиналатын жалғыз орын болды. Байырғы станцияның еліміздің транзиттік тасымалындағы орны бөлек. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласына азық-түлік пен киім-кешек, керек-жарақтарды жөнелтіп жататын эшелондар қисапсыз болатын, – деді Орақ ақсақал.  

Мақат вокзалындағы биіктігі 4 метрлік ескерткіш бейнеде батысқа көз салып телмірген ананың бейнесі сомдалған. Ескерткіш демеушілердің қаржылай көмегімен орнатылыпты. Келешекте айналасына қоршау салып, гүлзар егу жоспарланып отыр.  

 

Жүк тасымалы
13.07.2026
Жаңа сұрыптау жолдары Khorgos Gateway терминалының қуатын 48%-ға арттырды
ҚТЖ келбеті
13.07.2026
Сауатты шешім апаттан құтқарды
Аймақтар
13.07.2026
ҚТЖ басшылығы Семей, Аягөз және Ақтоғай вокзалдарын қайта құру жұмыстарындағы артта қалушылықты жоюды тапсырды
Әлемде
13.07.2026
Қытай Қазақстан арқылы Түрікменстанға жаңа теміржол бағытын ашты
Аймақтар / Қауіпсіздік
13.07.2026
Өткелдердің техникалық жай-күйі жіті бақылауда
Әлемде
13.07.2026
«Иран — Қытай» теміржол бағытындағы көпірге АҚШ соққы берді
Инфрақұрылым
13.07.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісін салу мерзімі ерекше бақылауға алынды
Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды