Бронды пойыздар жайлы не білеміз?

Темір жол тарихы
29.09.2022, 12:09

Бүгін соғыс кезінде қолданылған бронды пойыздар жайлы әңгіме етпекпіз. Брондалған пойыздар әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерекше танымалдыққа ие болды. XIX ғасырда алғаш пайда бола бастаған мұндай пойыздар Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде де қолданылды, бірақ ол әлі жетілмеген еді.

Соғысқа арналған пойыз бронды локомотивтен, брондалған вагондардан, атыс қаруы бар платформалардан және бірнеше бос платформалардан тұрды. Кейде платформаны құм салынған қаптармен толтырып, оған десантты әскерді орналастырып отырған.  

Бронды пойыздың тарихы

Алғаш рет бронды пойыз жасау идеясын француздар іске асырмақ болды. 1826 жылы олар бірнеше жоба әзірлейді, бірақ оларынан түк шықпады. Тек 1848 жылы венгрлер алғашқы бронды пойызды жасап шықты. Ол Австрия астанасы үшін болған шайқаста пайдаланылды.

Ал, америкалықтар Азаматтық соғыс кезінде жылжымалы платформаларға қару орналастырды. Солтүстіктегілер осындай қадамға бару арқылы конфедераттарды састырды. Осыдан кейін 1870 жылдары платформаға пушка қою әдісін пруссиялықтар француздармен болған соғыста қолданды.

Екінші дүниежүзілік соғыстағы бронды пойыздар

Неміс армиясында ұшақтар мен танктерге баса назар аударылғандықтан, брондалған пойыздарды дамыту кейінге қалдырылды. Екінші дүниежүзілік соғыс басталмас бұрын олар жеті бронды пойызды жасамақ болған. Оның үстіне, Германиядағы темір жолдың ені 1435 мм болса, КСРО-да – 1524 мм болды, бұл да қиындық тудырды.

Бұл кезде КСРО-да бронды пойыз жасау қарқыны артпаса, азайған жоқ. Соғыстың басында Кеңес Армиясында 53 бронды пойыз болды.  

«Илья Муромец»

Соғыс кезінде маңызды рөл атқарған ең танымал бронды пойыздың бірі «Илья Муромец». Бұл брондалған пойыздың тағы бір лақап аты «Орыс елесі» еді. Муромдық жұмысшылар құрастырған пойызды немістер дәл осылай атады. Өйткені пойыз қозғалғанда дыбысы төмен болды. Оның платформасына бірнеше «Катюша» орналастырылды, осылайша ол жолындағының бәрін жойып отырды. Атап айтсақ 7 ұшақ, қарсыластың 30 атыс нүктесі мен мыңға жуық неміс әскерінің көзін жойған.  

Тағы бір қызықты жайт, «Илья Муромец» пен немістердің «Адольф Гитлер» бронды пойызы арасында шайқас өткен. Екі пойыз да бетпе-бет келіп соғысады. Бұл жекпе-жекте Советтік пойыз сөзсіз жеңімпаз атанып, Берлинге бет алады. Алайда қалаға 50 шақырым қалғанда тоқтайды. Ол пойыздың істен шыққандығынан емес, темір жолдың сол жерден бітуіне байланысты болды.  

Ким Чен Ир пойызы

Бұл Солтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Ким Чен Ирдің пойызы. Ол ұшақпен жүруден өлердей қорқатын, қандай жағдай болмасын ұшаққа отырғысы келмеді. Сол себепті ол Мәскеуге жеке пойызымен барды.  

Қызықты дерек: солтүстік Корея басшысы бірнеше апта бойы жүріп келген вагондарды Сталин Ким Ир Сенге сыйға тартқан еді.  

Бұл пойыздың едендеріне дейін брондалған. 17 вагоннан тұратын құрамада мейрамхана, жатын бөлме, демалыс және қонақтарды қабылдау бөлмесі бар. Сондай-ақ ол брондалған мерседестерін вагонға бірге тиеп әкелген.  

Брондалған пойыз екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңінен қолданылғанымен қазір көптеген елдер одан бас тартты. Тек, Ресей қарулы күштерінде брондалған пойыз әлі де қолданылып келеді.  

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды