Тарихта қалған ерекше пойыздар

Темір жол тарихы
22.10.2022, 11:59

Пойыз пайда болғалы халықтың оған деген сұранысы еш төмендеген емес. Керісінше ұзақ жол жүретіндер үшін пойыз басты көлік құралына айналып отыр. Өткен ғасырдың 30-50 жылдары көптеген елдер пойызды құрастыру, жетілдіру тұрғысында ерекше технологияларды пайдаланып көрді. Көптеген жаңашылдық енгізіп, түрлі эксперимент өткізді. Олардың кейбірі сәтті шығып, сериялы болып жалғасып шыға бастады. Дегенмен, сырт тұрпаты ерекше, көзге ебедейсіз көрінетін пойыздар да өмірге келді. Олардың ішінде ұшақ пен пойыздың қосындылары да бар. Бүгін тарихта қалған осындай ерекше пойыздар жайлы сөз етпекпіз.

Schienenzeppelin

Немістер шығарған бұл пойызда бәрі біртүрлі еді. Дизайнынан бастап, қозғалқыш режиміне дейін ерекше болды. Көліктің артқы жағында пойызды итеріп отыратын айналмалы винт орналасқан, бұл мұндай көлік үшін ерекше құбылыс болды.   

 1931 жылы оның сыртынан қаңқа жасап, оны металл бұйыммен қаптап тастады. Осылайша ебедейсіз пойыздың сыртқы келбеті көз тартатындай әжептәуір жақсарып қалды. Тіптен,  сол кездегі фантастикалық шығармаларда айтылатын болашақтың көлігін еске түіретін. Оған қоса сынақтан сәтті өтіп, үмітті ақтады. Локоматив сол кездің өзінде сағатына 230 шақырым жылдамдықпен жол жүретін. Бірақ бұл пойыз сериялық өндіріске дейін жетпеді, сарапшылардың айтуынша артындағы қозғалтқыш винті көп кедергі болған. Біріншіден, ол маңайындағы адамдарға қауіп төндірсе, екіншіден мұндай локомативке вагон тіркелмейді. Осылайша бұл жобаның ғұмыры ұзаққа бармады.

Union Pacific M-10000

Бұл Американың іштен қосылатын қозғалтқышпен жұмыс істеген алғашқы пойызы. Мұндай бастама сол кезде жоғары жетістік саналды, соған сәйкес дизайнерлер де оны ерекше етіп шығаруға тырысты. Сондықтан бұл пойыздың дизайны өте керемет болды, тіптен паровозға ұқсамайтын.  

Bibimot басылымының жазуынша, аталған пойыз алғашқы рейсіне 1934 жылы шығады. Бастапқыда ол техникалық жетістіктерді жарнамалаудың бір түрі ретінде қызмет етті. Үлкен станцияға келіп тоқтан пойыз жергілікті БАҚ үшін сенсация болды. Оны көруге миллионға жуық адам келген екен.  

Union Pacific M-10000 пойызы 1941 жылға дейін жұмыс істеп, күші 600 а.к. болатын қозғалтқышы тозған соң тоқтады. Жаңа қозғалтқышты салу тиімсіз деп саналды.

Black Beetle М-497

Авиациялық технологияны рельске көшірсек деген идея төңірегінде дизайнерлер көп толғанды. Нәтижесінде «Қара қоңыз» пішінді гибридті локоматив өмірге келді.  Көп ұзамай оған М-497 индексі берілді. Машина жасаушылар Convair B-36 бомбалау ұшағындағы екі қозғалтқышты алып, дизельді отынмен жүретін Budd RDC көлігіне салады. Осылайша олар өз дегендеріне жетті. Пойыз сол кездегі тамаша жылдамдыққа қол жеткізіп, сағатына 296 шақырым жол жүрді.  Бірінің қозғалтқышын екіншісіне салып, тәжірибе жасаған машина жасаушылар мұндай пойыздың экономикалық тиімсіз екенін ескеріп, оны ары қарай жетілдіруді тоқтатты.  

Supertrain

Кезінде суперкомфорт болған бұл пойызбен қазір ешкімді таңқалдыра алмайсың. Оны көргендердің айтуынша, құраманың жабдығы круиздік лайнерге ұқсаған. Ішінде сауда орталықтары, бассейн, санаторий, би залы, бар, кинотеатр және мейрамханасы болған. Оның басты ерекшелігі – қозғалтқыш ретінде ядролық реактор пайдаланылған. Мұндай идея сол кезде қалыпты жағдай болған екен. Көптеген ел атомды пойыз жобасын да әзірленген көрінеді. Бірақ қауіпсіздігі мен қымбатқа түсетінін ескеріп, одан бас тартқан.  

Supertrain пойызына келсек, бұл бар болғаны теледидарға арналған жоба болды. Сериал барысында «армандағы пойыздың» макеті қолданылды. Оны жасау үшін шамамен 5 млн доллар жұмсалған. Шығыны көп бұл жоба өзін ақтамаған екен.

Super Chief

Бұл пойыз алғашқы сапарын 1936 жылы бастайды. Чикаго-Лос-Анджелес бағытында 3 584 шақырым қашықтықты еңсереді. Бұл құраманың өзгелерге қарағанда  өзіндік ерекшелігі бар еді. Локомотивтің сыртқы тұрпатының ерекшелігімен қоса, онда дизель мен электр агрегатының қатар орнатылуы үлкен рол атқарды. Онда паровоздағыдай көмір пеші жоқ. Соның арқасында жылдамдығын арттырып, сағатына 160 шақырым жол жүре алады. Оған қоса Голливуд жұлдыздары да осы пойызбен саяхаттағанды ұнатқан екен. Тиісінше құрамада суперкофортты купелер болды, олар көбінде қонақүй нөмірі деп аталған.  

Aerotrain

Бұл да қызықты гибридтің бірі. Осы жолы машина жасаушылар пойызбен автобус қосындысы жасап шығарды. 1956 жылы жарыққа шыққан осынау ерекше пойызға көп үміт артылды. Техникалық жағынан локомотивтің басқалардан көп айырмашылығы болған жоқ. Бұны жасаған «Дженерал Моторз» автоконцерні өздері шығарған бірнеше автобусты қосып, темір жол желісіне икемдеп  жасап шықты.  

Aerotrain пойызының ерекшелігі ондағы құраманың аздығы болды, яғни сериялы паровоздарға қарағанда вагондар екі есе аз еді. Бұл пойызды темір жол компанияларымен сынақтан өткізу үшін тек екі баламасын жасады. Өкінішке қарай нәтижесі нашар болды, қозғалтқышының әлсіздігінен дөңес жерлерге шыға алмады және қажетті жылдамдықты еңсеруге шамасы жетпеді. Салмағы жеңіл болғандықтан ішіндегі жолаушылар өздерін жүк көлігінде келе жатқандай сезінген.  

Осылайша бұл локоматив мың шақырым да жол жүрместен жұмысын тоқтатты. Қазір оны АҚШ-ғы темір жолға арналған музейлердің біріннен көруге болады.  

Жоғары жылдамдықты зертханалық вагон (СВЛ)

1970-жылдары Кеңес Одағында теміржол локомотивтерінде реактивті қозғалтқышты қолдану идеясы кең тарады. Эксперимент жүргізу үшін стандартты ЭР22 моторлы вагон қолданылды, оған  АИ-25 ұшағының турбореактивті қозғалтқыштары орнатылады (олар Як-40 ұшағында болған).

Сондай-ақ ол кезде «турбопойыздың» сериясын шығару міндеті болған жоқ. Тек белгілі бір мақсатты көздеді: жоғары жүктеме мен жылдамдық кезінде рельсті доңғалақ жүйесі қалай жұмыс істейтінін анықтау. Соның нәтижесін пайдалана отырып, «Жоғары жылдамдықты зертханалық вагон» супер жүрдек пойызын жасау жоспарланды. Эксперимент барысында алынған нәтижелер кейіннен жоғары жылдамдықты теміржол желілері мен пойыздардың құрылысында қолданылды, қазір олар сәтті жұмыс істеп келе жатыр.

Бастапқыда пойыздың жылдамдығы сағатына 187 шақырымға дейін жетті, кейіннен ол жылдамдықты сағатына 249 шақырымға дейін арттырды. Одан да жоғары жылдамдықты еңсеруге темір жол желісі мүмкіндік бермеген.  

Сынақ пен зерттеу жүргізіліп біткен соң Жоғары жылдамдықты зертхана вагоны Дорошиха станциясы маңында қараусыз қалды. Кейіннен оны қайта іздеп, алдыңғы бөлігін бояп, Тверсктегі вагон жасау зауытының алдына қойды.  

Елімізде мұндай ерекше пойыздар жасалмағанымен, ерте кезде қолданыста болған локомативтерді әр станцияның алдынан көруге болады.  

 

Аймақтар
26.12.2024
«Еңбекті қорғау жылы» қорытындыланды
Әлемде
26.12.2024
Қытай темір жолдары 11 айда 4 миллиардтан астам жолаушы тасымалдады
Жаңалықтар
25.12.2024
Бейжіңде Қытай – Қазақстан – Түрікменстан – Иран бағыты бойынша сарапшылар кеңесі өтті
Жаңалықтар
25.12.2024
Ақтөбе жүк тасымалдау бөлімшесінде жүктерді тиеу 9,2%-ға артты
Жаңалықтар
25.12.2024
Биылғы маңызды оқиғалар
Аймақтар
25.12.2024
Жамбыл облысында электровоз жөндеу депосы салынып жатыр
Жүк тасымалы
25.12.2024
Қарағанды жүк тасымалдау бөлімшесінде қара метал тиеу 39%-ға өсті
Жүк тасымалы
24.12.2024
Бейжіңде ТХКБ-ның 2024 жылғы жұмысы қорытындыланды
Жаңалықтар
24.12.2024
ҚТЖ-да қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту мәселесі айтылды
Жүк тасымалы
24.12.2024
Көлік-логистика әлеуетін дамыту сөз болды
Жолаушылар тасымалы
24.12.2024
Елордадан Атбасар мен Көкшетау бағытында жаңа жылдық электропойыз жолға шықты
Спорт
24.12.2024
Қурорттық аймақта қысқы спорттық ойындар өтті
Әлеумет
24.12.2024
Жаңа жылға тарту
Әлеумет
24.12.2024
Өзін мойындатқан жан
ҚТЖ келбеті
24.12.2024
Маңғыстаулық теміржолшылар Жастар сыйлығына ие болды
Аймақтар
24.12.2024
Кәсіподақ жетекшілері бас қосты
Аймақтар
24.12.2024
Арыс қаласының әкімі теміржолшылармен кездесті
Жаңалықтар
24.12.2024
Мемлекеттік тіл мәртебесі ұлықталды
Аймақтар
24.12.2024
Тәжірибе алмасты
Инфрақұрылым
24.12.2024
Негізгі меже – пойыз жылдамдығын 120-140 км/сағатқа дейін жеткізу