Пойызға шабуыл жасап, опық жеген рэкеттер...

Темір жол тарихы
08.12.2022, 15:10
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Он төртінші вагонға орналасқан олар түнде айғай-шудан оянады. Не болып кетті деп есікті ашып қараған Қ. Ештаев жалма-жан жаба қояды да, қаруына ұмтылады. Серігі Ержан да түсіне қойып қаруын сайлай бастайды...

Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы жылдар халыққа оңай тимегені көпшілікке аян. КСРО құлап нарықтық экономикаға бет бұрған сәтте елдегі зауыт, фабрикалар шетінен жабылып, халықтың басым көпшілігі жұмыссыз қалды. Екі қолға бір күрек таппағандар ала дорбасын арқалап, сауда-саттыққа кетті. Алматы сияқты ірі қаладан киім-кешек әкеліп сатып «коммерцант» атанды. Ол кезде саудагерлер тауарларын негізінен жолаушылар пойызы арқылы таситын, жүк пойыздарының қазіргідей нарыққа әлі бейімделе қоймаған кезі. Бейнетпен өз күнін өзі көре бастаған саудагерлерге қырғидай тиіп, оңай олжаға бөленгісі келетін рэкеттердің шыққан кезі еді бұл. Пойыздағы саудагерлерді үркітіп-қорқытып бағалы заттарын тартып алу, қарақшылық шабуыл жасау белең ала бастады. Ел арасында пойызда кетіп бара жатқандарды рэкеттер тонапты, тағы бірін ақша бермегені үшін «басын кесіп, вагоннан лақтырып жіберіпті» деген қауесеттер желдей есіп тұрған кез еді.  

Заман алай-дүлей болып тұрған шақта пойыздағы тәртіпті қамтамасыз ететін тәртіп сақшыларына үлкен жүк артылды. Олардың әр рейске шығуы қауіпке толы болды десек артық болмас. Жолдағы станциядан кіріп елді тонайтын қарулы қарақшыларға қарсы тұру, олармен атысқа түсу милиция үшін қалыпты жағдайға айналды. Тіптен, кейбірі жарақат алып, өліп те кетіп жатты. Пойызда орын алып жатқан түрлі оқиғалар, оның ішінде криминалды жағдайлар «Қазақстан теміржолшысы» газетінің бетінде үнемі жарияланып тұрды. 1997 жылы шыққан газеттің беттерін парақтай отырып рэкеттер мен пойыздағы тәртіп сақшылары арасында болған атыс туралы дерек ерекше назар аудартты. Ерекше дейтініміз тәртіп сақшыларының саны қарақшылардан аз бола тұра тегеуірінді қарсылық көрсете білген және сол жерде рэкеттердің бірі жантәсілім етеді.  

Аты шулы оқиға №172 Атырау-Алматы бағытындағы пойызда Арал-Қазалы аралығында орын алды. Сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасына қарасты мемлекеттік күзет қызметінің арнаулы рота қызметкерлері – милиция аға сержанты Қайрат Ештаев пен милиция сержанты Ержан Тоқбаев жүк тиелген пойызды Оралға дейін күзетіп барып, Атырау-Алматы пойызымен кері оралып келе жатады. Он төртінші вагонға орналасқан олар түнде айғай-шудан оянады. Не болып кетті деп есікті ашып қараған Қ. Ештаев жалма-жан жаба қояды да, қаруына ұмтылады. Серігі Ержан да түсіне қойып қаруын сайлай бастайды. Сол-ақ екен біреу есікті ашып жібереді. Қараса бетперде киген, қолында шолақ мылтығы бар біреу айғайлап бұйрық беріп тұр. «Болыңдар, тез ақша, алтын бұйымдарыңды ортаға тастаңдар, әйтпесе атамын» дейді айқайлап. Бір сәтте милиция қызметкерлерін көрген ол сасып қалады, атпаса өзін ататынын аңғарған Ештаев оны атып салады. Сөйтіп, вагон дәлізіне жүгіріп шықса бетперделі тағы екі адам қашып барады екен. Жай қашып бара жатқан жоқ, оқ жаудырып барады. Қаскөйлер келесі вагонға өтіп, бой тасалайды. Кейін белгілі болғандай олар бір купенің терезесін сындырып, далаға секіріп кеткен екен. Біреуі аяғынан жараланған көрінеді. Ал, қолға түскен жігіттің жеке басы анықталады, ол Қазалының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Өкініштісі Қазалы станциясында күтіп тұрған жедел жәрдемге жеткенше ол жан тәсілім етеді.  Қолға алынған жедел іс-қимыл шарасының нәтижесінде қарақшылардың барлығы қолға түседі. Сот кезінде олардың бірі 15 жылға, екіншісі 12 жылға бас бостандығынан айырылып, дүние-мүліктері тәркіленеді.

Осындай жағдайлардан кейін халық пойызда жалғыз жүруге сескеніп қалған кездер де болған. Дегенмен, уақыт өте келе заман түзеліп, жағдай тұрақталды. Пойызбен сөмке-сөмке жүк тасу да артта қалды. Қазір пойыз жолаушылар үшін ең қауіпсіз әрі жайлы көлікке айналды десек болады. Оның үстіне тәртіп те қатаң сақталады. Вагонда ішімдік ішуге тыйым салынғандықтан елдің мазасын алатында қарасы да жоқ. Қоғамдық орында ішімдік ішкендерге бірден айыппұл салынып, тиісті шара қолданылады.

Көліктегі ПД берген мәліметке сүйенсек, 2022 жылдың басынан бері теміржол нысандарының қоғамдық орындарында құқық бұзушылықтың – 163 фактісі тіркелген екен. Олардың басым көпшілігі теміржол вокзалдарында, перрондарда, жолаушылар пойызында ішімдік ішу және телефон ұрлаумен байланысты.

Теміржол бекеттері мен поездағы заң бұзушылықты төмендету бағытында және құқық бұзушылықтардың аладын алу мақсатында Көліктегі ПД-нің қызмет көрсету учаскелерінде жоспарлы түрде «Құқықтық тәртіп», «Қарасора», «Заңсыз келуші», «Топливо»                             жедел-профилактикалық іс-шаралары және «Тоқтаңыз, басып кету қаупі бар!», «Көліктегі қауіпсіздік!», «Абайлаңыз, поезд!» акциялары өткізіліп келеді.  

 

Жаңалықтар
28.05.2026
ҚТЖ мен РЖД жүк тасымалын цифрландыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды
Аймақтар
28.05.2026
Жақсылықтың жаршысы еді...
Спорт
28.05.2026
Қызылорда теміржолшылары арасында бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды
Жүк тасымалы
28.05.2026
ТХКБ арқылы жүк тасымалы алты есеге артып, Қазақстанның ықпалы күшейді
Әлемде
28.05.2026
Vossloh компаниясы Швецияда бағыттамалық бұрма шығаратын зауыт ашты
Қауіпсіздік
28.05.2026
Жыл басынан бері 24 адам пойыз астына түскен
Жаңалықтар
28.05.2026
Көлік министрлігінде теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселесі талқыланды
Жолаушылар тасымалы
27.05.2026
Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы теміржол бағыттарымен 99 мыңнан астам жолаушы қатынады
Жүк тасымалы
27.05.2026
Қазақстан мен Ресей арасындағы тасымалдау көлемі өсімді көрсетіп отыр
Жаңалықтар
27.05.2026
ҚТЖ магистральдық желіні жаңғыртуды белсенді жүргізуде
Жаңалықтар
27.05.2026
Болашақ магистралі: ҚТЖ және РЖД жастары жаңа көкжиектерді ашуда
Жолаушылар тасымалы
26.05.2026
Жазғы демалыс кезеңінде 15 қосымша пойыз жолға шығады
Аймақтар
26.05.2026
Шекарамаңы ынтымақтастығы нығаюда
Аймақтар
26.05.2026
Темір жолдың жаңаруы – өңірдің дамуы
Аймақтар
26.05.2026
Қауіпсіздік пен сапаның жаңа стандарты
Қауіпсіздік
26.05.2026
Атыраулық теміржолшылар темір жол бойындағы өртті ауыздықтады
Аймақтар
26.05.2026
Мамандық таңдау – маңызды іс
Инфрақұрылым
26.05.2026
Ақсу – Жаңа-Семей учаскесінде жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Жаңалықтар
26.05.2026
Астанада кәсіби шеберлік чемпионаты өтті
Спорт
26.05.2026
Семейде теміржолшылар арасында тұңғыш рет садақ ату турнирі өтті