Қарағанды облысындағы темір жолдар жаңа технология бойынша жөнделуде

Аймақтар
04.05.2024, 15:00

Осы жылы ҚТЖ магистральдық желісінің негізгі және жүктемесі жоғарыларының бірі болып табылатын Қарағанды бөлімшесінде 67 км теміржол төсемі жаңартылады. Оның ішінде 24 км күрделі жөндеуден өтеді.

Өңірдегі темір жолды күрделі жөндеу Дарья – Жарық учаскесінде басталды. Жұмыстар жаңа әдіс бойынша – жабық аралықта жүргізіледі. Бұл технология учаскені бірнеше күнге жабуды және жол техникасын тарта отырып, үлкен көлемдегі жұмыстарды орындауды көздейді.

Мәселен, 2 мамырдан бастап Дарья – Жарық аралығы төрт тәулікке қозғалыс үшін жабық, ал пойыздар жанындағы жолмен жүреді. Осы уақыт ішінде теміржолшылар белгіленген жылдамдықпен учаскеде қозғалысты аша отырып, 4,6 км жолды күрделі жаңарту бойынша аяқталған циклды орындайды. Жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Арнайы техниканың көмегімен ескі шпалдар алынып, жаңалары төселеді, балласты тазалау, рельсті бунақтарды ауыстыру және ұрғылау-түзету жұмыстары жүргізіледі.

- Жаңа әдіс уақыт пен ресурс үнемдейді. Мамыр айында осындай технология бойынша Дарья станциясынан Жарық станциясына дейінгі 18,5 км теміржол төсемі жаңартылады. Бұл жұмыс көлемін 8 сағаттық технологиялық «толаскез» ұсына отырып, дәстүрлі әдіспен орындау кезінде учаске 16 рет жөндеуге жабылатын еді. Жаңа технология бойынша жөнделетін аралық қозғалыс үшін 4 рет жабылады, - деп атап өтті Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Нұрсұлтан Танабаев.  

ҚТЖ желісінде 2024 жылы 1400 шақырымнан астам магистральды жөндеу жоспарлануда, бұл тасымалдау кезінде теміржол инфрақұрылымының сенімділігін қамтамасыз етеді. Жолды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде учаскелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында технологиялық процеске байланысты жылдамдыққа уақытша шектеулер енгізіледі, бұл жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалыс кестесінің сақталуына әсер етеді.

 

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі