Алтынкөлді дамыту жоспары

Аймақтар
17.06.2025, 08:51
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алтынкөл – Қазақстанның Қытаймен мемлекетаралық шекаралас түйіспе станциясы. Сондықтан да бұл маңызды торап Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалдауда, сондай-ақ Иран, Парсы шығанағы және Еуропа елдеріне жүк тасымалдауда шешуші рөл атқарады. Осыған орай, Алтынкөл станциясын әрі қарай дамыту жоспарлануда.

Атап айтсақ, шекаралық станцияда 2025-2026 жылдары қосымша жолдар мен сұрыптау жүйесін салу жоспарланып отыр. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Алматы жүк тасымалы бөлімшесі филиалында Қытаймен шекарадағы негізгі логистикалық хаб – «Алтынкөл» станциясын дамыту мәселелеріне арналған жиында кеңінен сөз болды. Қатысушылар алдын ала жобаны талқылап, ұсыныстарын білдірді. Жобада 1435 мм табаны бойынша (тар табанды) 4 қосымша қабылдап жөнелту жолдарын салу, тартымдық жолдарды салу қарастырылған. Бүгінде бұл мәселеге қатысты ізденіс және жобалау жұмыстары жүргізілуде екен. Ал 1520 мм жол табаны бойынша «Б» жаңа экспорттық паркінің 6 қабылдау-жөнелту жолы төселген, қазіргі таңда жолды түзету және оларды МПЦ жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде.  

– Сонымен қатар қуаттылығы төмен дөңесі бар сұрыптау паркін салу жоспарланып отыр. Осыған орай, жобалау жұмыстары басталды. Қазіргі таңда Жетіген – Алтынкөл телімінде ауқымды жұмыстар қолға алынған. Атап айтсақ, 8 бірлік қолданыстағы станциялар мен разъездерді, соның ішінде, Алтынкөл станциясын жаңғырту, бұдан бөлек Жетіген – Құрөзек, Алтынкөл – Иінтал араларында екінші жолдарды салу қарастырылған. Бұл жобалардың барлығы аяқталғаннан кейін Жетіген – Алтынкөл телімінің өткізу қабілеті 18 жұптан 30 жұп пойызға дейін өсетін болады. Соның ішінде кең табанды жол бойынша Алтынкөл станциясының өткізу қабілеті 18-ден 33 жұпқа дейін, ал тар табанды жол бойынша 20-дан 30 жұп пойызға дейін артады. Бұл станцияның экспорттық және транзиттік әлеуетін күшейте түседі, – деп станцияның даму жоспарымен бөлісті Алматы жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Нұржан Құрманәлиұлы.  

Жалпы биылғы жылдың бес айында Қазақстанда темір жол бойынша жалпы жүк тасымалы көлемі өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 11,9% өскен. Ал темір жол бойынша жүк айналымы 13,6% артып, 229,4 млрд тонно-километрге жетіп жығылған. Соның ішінде, Алтынкөл арқылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тасымал көлемі 14,2 млн тоннаны құрап отыр, бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 11% артық. Ал Алтынкөл арқылы Қазақстаннан Қытайға бағытталған экспортқа келсек, ол 12% өсіп, 9 млн тоннаны құраған.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда