ШҚО теміржолшылары көмір қорын тексерді

Аймақтар
17.10.2025, 16:48

Жылыту маусымының басталуымен теміржолшылар өңірлердің коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды Rail-news.kz

Тексеру барысында мамандар көмір тиелетін Дегелен станциясына барды. Мұнда 350 вагондық тәуліктік өтінімде компания орташа есеппен 280 вагон жүктейді. Өскемен бағытында «Сейком» ЖШС және «Терминал»  Топливная компания» ЖШС көмір тұйықтарына күн сайын 15 вагоннан жөнелтіледі. 

Жоспарға сәйкес, қазан айында «Қаражыра» АҚ Қазақстан бойынша 10 525 вагон (726,2 мың тонна) тиеуге тиіс. Қазан айының алғашқы 15 күнінде Шығыс Қазақстан облысына 1 944 жартылай вагон (134,6 мың тонна) тиелді, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық көмір — 561 жартылай вагон (38,9 мың тонна). «Терминал» Топливная компания» ЖШС (Өскемен қ.) директоры Мансұр Бекбауов көмір жеткізілімі тұрақты жүріп жатқанын атап өтті.

«Айлық жоспар бойынша 16 мың тонна болса, біздің тұйыққа 8 мың тоннадан астам қойылды. Вагондар жүріп жатыр, халықты қамтамасыз етуде ешқандай проблемалар болмайды деп ойлаймын», — деді ол. 

Кәсіпорын Өскеменнің сол жағалауы мен жақын маңдағы аудандар тұрғындары үшін, сондай-ақ Молодежный кенті мен құс фабрикасын жылытуды қамтамасыз ететін «Айтас» ЖШС үшін көмір сатады.

Новоустькаменогорск станциясы бастығының орынбасары Дәурен Айтуғанов көмірге вагондарды беру және алып кету уақтылы орындалатынын атап өтті. 

«Егер станцияға көмір түссе, біз тез арада тұйыққа  жедел жеткізілімді қамтамасыз етеміз. «Қаражыра» АҚ келесі аптаның басынан бастап жеткізілім ұлғайтылатынын хабарлады», - деп түсіндірді ол.

«Сейком» ЖШС директоры Николай Кондратьев олардың көмір тұйығына күн сайын 5-тен 12-ге дейін вагон түсетінін айтты. 

«Коммуналдық-тұрмыстық көмірден басқа, біз көмірмен  өнеркәсіптік кәсіпорындар мен май зауыттарын, элеваторларды, кірпіш зауыттарын қамтамасыз етеміз. Олар жыл бойы отын сатып алады. Орташа алғанда, жеткізілімдердің шамамен 30% өнеркәсіп секторына тиесілі», - деп атап өтті ол. 

Оның айтуынша, жеткізу көлеміне байланысты күн сайын 50-ден 220-ға дейін автомобиль көмір тұйығынан өтеді. 

Өскемен-1 станциясы бастығының орынбасары Талғат Зияданов ағымдағы жылы Өскеменде «Қаражыра» АҚ мен Павлодар көмір разрезінен келетін қатты отынды сататын алаңдардың саны артқанын хабарлады.

  «Біз тұтынудың соңғы станциясы болып табыламыз. Жүк жөнелтушілердің барлық өтінімдері толық көлемде орындалады, вагондарды беру және алып кету кідіріссіз жүзеге асырылады», - деп атап өтті ол. 

Қатты отынды тасымалдауға арналған вагон паркі толық көлемде қамтамасыз етілгені, жекелеген бағыттар бойынша жылжымалы құрамның профициті бар екендігі атап өтілді. Көмір тұйықтары басшылығы тарапынан негізгі тілегі «Қаражыра» АҚ көмір өндіруші компаниясы жеткізілім көлемін ұлғайтуға бағытталған.

Өңірлерді көмірмен қамтамасыз ету мониторингін бүкіл ел бойынша теміржолшылар жүргізеді.

ҚТЖ вагондардың уақтылы берілуін қамтамасыз етеді және жылу беру маусымында коммуналдық-тұрмыстық сектор мен кәсіпорындардың қажеттіліктерін тұрақты қанағаттандыру үшін көмір компанияларымен өзара іс-қимыл жасайды.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды