«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы 10 мың гектарға дейін ұлғайтылды

Аймақтар
26.03.2026, 09:17
Сурет: gov.kz

ҚР Үкіметі 2026 жылғы 13 наурызда арнайы экономикалық аймақтарға қатысты өзгерістер енгізу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қаулыға сәйкес, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы Маңғыстау облысында көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мақсатында Мұнайлы ауданының өнеркәсіптік аймағынан (187 га) және «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС-нен (382,6148 га) жалпы ауданы 569,6148 га жер учаскелерін қосу арқылы ұлғайтылды.

Осылайша экономикалық аймақтың жалпы аумағы 10 384,1178 гектарға жетті.

«Ақтау теңіз порты» АЭА Маңғыстау облысының аумағында, яғни Ақтау және Жаңаөзен қалаларының, сондай-ақ Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан.

Сонымен қатар, АЭА-ның жаңартылған аумақтық жоспары бекітілді. Құрылымы бойынша:

– порттық аймақ – 1038,9691 гектар;

– индустриялық аймақ – 7615,1487 гектар;

– логистикалық аймақ – 1730 гектар.

Үкімет қаулысымен 2052 жылға дейінгі жаңа мақсатты индикаторлар да айқындалды. Атап айтқанда, жалпы инвестиция көлемі 1720 млрд теңгеге дейін ұлғайтылмақ. Тауарлар мен қызметтер өндірісінің көлемі 1703 млрд теңгені құрамақ.

Сондай-ақ АЭА-ға қатысушы компаниялар саны 188-ге дейін өседі, ал құрылатын жұмыс орындарының саны 9900-ге жетеді деп күтілуде. Өндірістегі қазақстандық қамту үлесі 83% деңгейінде сақталады.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды