Пойыздарда билетсіз жолаушы жойыла ма?

Аймақтар
21.06.2019, 12:38
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

1 шілдеден бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қарасты барша бағыттардағы пойыздарға электронды жол жүру билеттері жаңа автоматтандырылған жүйе арқылы сатылатын болады. Бұл пойыздарда билетсіз жолаушының болмауына және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жұмыстары үшін тиімді болғалы тұр.

Жуырда «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Батыс» жолаушылар тасымалы жөніндегі аймақтық филиалы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдерімен бірлесе жолаушы пойыздарына рейд жұмыстарын жүргізді. Жолаушылар тасымалы қызметінің мамандары пойызға мінуді жылап тұрып сұрайтын жолаушылардың кесірінен жолсеріктер мен пойыз басшыларының жұмысына қиындық туатынын жасырмайды.

«Билетсіз жолаушыға қатысты тек жолсерік жазаланбау керек деген мәселені көтеріп келеміз. Шетелде билет алмай пойызға мінген жолаушылар да әкімшілік жауапқа тартылады. Бұл мәселе сол кезде түбегейлі тоқтайды деп ойлаймын. Вагонға жауапты адамдарды жиі жазалағандықтан пойыз басшылары зардап шегуде, соңғы кезде жолсеріктер ол қызметке барғысы келмейді. Себебі вагонға мінгізуді жалынып сұрағандардың (біре уі жаназаға бара жатады, біреуі тойға дегендей...) көңілін қимай, тәуекелге бел буып алады. Кейбіреулер қатты қиналып тұрғандарын айтып жылап жібереді. Осындай жағдайда жолаушыны вагонға мінгізіп, кейін жолсеріктің өзі жұмыстан шығып кеткен оқиғалар жеткілікті», – дейді «Батыс» жолаушылар тасымалы жөніндегі аймақтық филиал директоры Дархан Ұбайдуллаев.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдерімен бірлескен жұмыстар нәтижесінде пойыз жолаушыларының арасында билет сатылымына қатысты қиындық болмайды деп сендіреді. «2019 жылдың 1 шілдесінен бастап теміржол компаниясына қарасты барлық бағыттарға электронды жол жүру билеттері жаңа форматта енгізіледі. Онда қайтарылған билеттер де белгіленген уақытта сатылымға шығатын болады», – дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі.

Сонымен қатар, мамандар жолаушылар жиі шағымданатын жайт, вагондарда тұрған теледидарлардың не себепті жұмыс жасамайтынын да түсіндіріп кетті.

«Жолаушылар фирмалық пойыздарда теледидар мониторларының жұмыс жасамай тұратынына шағым айтады. Себебі, лицензия алу өте қымбат. «Жолаушылар тасымалы» АҚ – барлық бұқаралық әлеуметтік тасымалмен айналысатын компаниялар секілді басы артық қаржысы жоқ, шығынмен жұмыс жасап отырған компания. Қазір әншілер әндерін пойыз ішінде қойғаны үшін миллиондаған ақша сұрайды. 2014 жылдары 5-10 миллиондап айыппұл төледік. Сол үшін де қазір телеэкрандармен бейнебаян көрсетуге тыйым салдық», – дейді Дархан Ұбайдуллаев.

Жолаушы тасымалы – қашан да дау-дамайы көп қиын сала. Электронды жол жүру билеттері жаңа автоматтандырылған жүйеге көшірілуі қаншалықты тиімді болмақ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілдері айтқандай, билетсіз жолаушы жойыла ма, жоқ па, оны да алдағы уақыт көрсетеді.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады