Ғасыр жасаған «Niles» станогы әлі қолданыста

Аймақтар
07.08.2020, 10:40
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының шеберханасында 1903 жылы Германияда шығарылған, темірден түйін түйетін Niles станогы күні бүгінге дейін жұмыс жасап, ұжымның өндірістік жұмыстарына қажетті бөлшектерді өздері жасап алуына жарап тұр. 

Бір ғасырдан аса уақыт бойы жұмыс жасап тұрған стонокты тарихи жәдігер деуге әбден болады. Дистанция алғаш ашылғанда осында орналастырылған станок әлі жұмыс істеп тұрғаны да ғажап. Дистанция бастығы Ғани Ысқақовтың айтуынша ескі болғанмен, қарапайым типтегі станок уақытылы күтіліп, бапталып, онда шеберлер өндіріске қажетті қосалқы бөлшектер жасап ала береді екен.

 «Niles» станогының «тілін тапқан» нағыз ұста Қуат Нәбимен тілдестік. Станогының көненің көзі болса да әлі күнге кез келген темірден қажетті затыңды оп-оңай жонып алуға болатынына сенетін темір ұстасы Қуат Нәби өзі жас болғанмен тарихи жәдігердің тілін еркін меңгеріпті. Көп сөйлемейтін, тек сауалыңа ғана «ия», «бар», «жоқ» секілді кезекші сөздермен ғана жауап беретін шеберді сөйлету де оңай болған жоқ. Бұл оның тек ісіне мығым, қақ-соқпен ісі жоқ табанды теміржолшыға тән қасиет әрі темірден түйін түю үшін де осындай мінез керек болар деген ой келді.

Қазалыда туып-өскен жігіт Түркістан қаласындағы техникалық колледжден «темір ұстасы-токарь» мамандығын меңгерген екен. Содан бері дистанцияның электромотор және электрожетек жөндеу цехына құрылғыларды жөндеуші болып еңбектеніп келеді. Әріптестерінің тапсырысын тап-тұйнақтай етіп орындайды. Мәселен, ол 28 милиметрлік қалыңдықтағы құймадан 26 мм-лік бұранда жонып шығару үшін 40 минут шамасында керектігін және қажетті көлемдегі өлшемдерді таңдауға да көп уақыт алмайтын көрінеді.

– Маған берілген тапсырма бойынша үлкендікішілі бөлшектерді әзірлеймін. Алдымен бөлшекті жасайтын темірді таңдап алғаннан кейін станоктың өлшемдерін қолмен ретке келтіремін. Ескі станок болғандықтан кейде жұмыс кезінде сәл-пәл ауытқу болғаны байқалады. Ондай сәтте құрылғыны бастапқы өлшем бабына қайта келтіріп аламын. Негізінен бекітпе бұрандаларды дайындауға көп тапсырыс беріледі. Қазір станоктың жұмысын толық меңгердім. Жыл өткен сайын тәжірибе жинақтап темірден заттарды жонып шығаруға өзіндік ізденіс жасап, әріптестерімнің тапсырысын аз уақыт ішінде жасауға дағдыланып жүрмін. Әзірге тапсырыспен жасалған бөлшектерге қатысты ескертпе болған жоқ, – дейді құйма темірден қажетті затты жонып жатқан темір ұстасы Қуат Нәби. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады