Үндістанның орталығындағы Чхаттисгарх штатында жолаушы және жүк пойызы соқтығысты. Салдарынан 11 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл туралы Times of India басылымы теміржол әкімшілігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Апат салдарынан 11 адам көз жұмды, тағы 20 адам жарақат алды», – делінген ресми мәлімдемеде.

Оқиға 4 қараша күні күндіз болған.

Алдын ала деректер бойынша, жолаушылар пойызы бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтамай, сағатына 60–70 шақырым жылдамдықпен келіп жүк пойызына соғылған.

Соққының күші соншалық – жолаушылар вагоны жүк пойызының үстіне шығып кеткен. Қатты соқтығыстан пойыздың машинисі оқиға орнында қаза тапты.