Семей электрмен жабдықтау дистанциясы жазды қауырт жұмыспен бастады
Аймақтар
15.06.2021, 23:43
Семей электрмен жабдықтау дистанциясы биылғы жазды карантиндік шектеулерге қарамастан қауырт жұмыспен бастады. Қазіргі таңда ЭЧ-18 мекемесі тарапынан желі бойында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Айта кетерлігі, бұл теміржол ұжымы – күллі Шығыс аймағына, яғни, Семей және Защита өңірлеріне қатар қызмет көрсететін бірегей мекеме.
Дегенмен жазғы жұмыстардың негізгі бөлігін көктемгі тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшін жағдаяттарды қалпына келтіру шаралары қамтуда.
Атап айтсақ, өткен мамыр айындағы көрсеткіштер бойынша 147 міндеттемені орындау қажеттілігі туындаған болатын. Оның ішінде 48 бірлік әуе желілерінің күтімін жүргізу мен 2 жоғары кернеулі желі телімін бөлектеп алып ауыстырып қосатын ажыратқыш аппараттарды жаңалау, 5 күштік
бағдаршамдарды жаңарту шаралары кезек күттірмейді.
Бұл шаралардың сыртында 12 кабельдік желі мен 7 бірлік қорғаныс құрылғысын талапқа сай ету бойынша жұмыстар жүргізілді.
Бұл орайда электрмен қамту мекемесінің қызметкерлері өздеріне берілген межелі мерзім ішінде жүктелген тапсырмаларды орындап шықты.
Сонымен қатар, қазіргі таңда жыл үлесінде тұрған техникалық дәрістер өткізу мен техникалық құжаттамалар рәсімдеу бойынша да жоспардан қалып келе жатқан шаралар орындалу үстінде. Бұл ретте карантиндік шектеулер кедергі болған еді.
Жалпы ЭЧ-18 мекемесі өткен аязды қысты тосын оқиғаларсыз аяқтап, көктемгі байқауды да сәтті өткізген болатын. Мәселен, өткен жылдың есепті мерзіміндегі тіркелген кемшіліктер қатары биыл 107 бірлікке кеміпті.
Бұдан өзге желі бойындағы электрмен қамту құрылғыларын жаңарту, күрделі жөндеуден өткізіп, бекітілген талапқа сай жұмыс жүргізу бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Оның аясында қоректендіргіш құрылғыларды орнату, желі бойындағы бірқатар теміржол нысандарын жарықтандыру сынды шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Мекеме басшылығының айтуынша, ағымдағы жылы дистанцияға қарасты әуе желілерінің көбін ауыстырып, желі бойындағы тіректерді қайта жаңарту жұмыстары да атқарылмақ. Құрылғылар мен нысандарды қысқа даярлау шаралары қараша айына дейін жалғасатын болады. Бүгінгі таңда бөлімше бойынша трансформаторлық пункттерге кезекті қызметтік тексерулер жүргізілуде.
Қазіргі таңда электрмен қамту ісі бойынша да өндіріске тың жаңашылдықтар енгізіліп, жаңа құрылғылар қолданысқа берілуде. Заманауи игіліктер бойынша ЭЧ-18 дистанциясында да жетістіктер жетерлік.
Соңғы үш жылдың көлемінде жоғары вольтті вакуумды қосқыштар орнату, желі бойындағы еншілес мекемелер мен шалғайдағы станциялар бойынша электр үнемдегіш жарық-диодты шамдар орнату жұмыстары жүргізіліп келеді. Пойыз қозғалысының қауіпсіздігін сақтауда мұндай жұмыстарды тыңғылықты түрде жүргізу – заман талабы. Бұл орайда іс басындағы ЭЧ-18 электр монтерлары үшін барынша қолайлы жағдай жасалған.
Қазіргі таңда Нұрлан Әзімханов басқаратын ұжым бекітілген жоспар бойынша осылайша үлгерімді жұмыс жүргізуде. Бұл орайдағы тағы бір басты міндет бөлімше бойынша барлық ескірген электр желілерін қайта жаңалау болып отыр.
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады