Маңғыстауға он вагон мал азығы жеткізілді

Аймақтар
25.06.2021, 09:44
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Маңғыстаудағы қуаңшылық шаруаларға оңайға түсіп отырған жоқ. Арып-ашыған төрт түлік көтерем болып өліп жатыр деп дабыл қаққан түбекке көмек қолын созушылар көп күттірмеді. Күні кеше теміржол тасымалы арқылы он вагон мал азығы жеткізілді. Елдің солтүстік өңірінен шыққан жүк әдеттегіден екі есе жылдам, кідіріссіз келді.Мал баққан халық үшін бұл ауадай қажет көмек болды. Өйткені биылғы көктемгі қуаңшылық мал баққан жұртты жуанның созылып, жіңішкенің үзілетін кезеңіне жеткізген еді. − 16 маусым күні таңертеңгі селекторлық жиналыста өңірімізге министрліктің бақылауымен арпа-жем тиелген он вагон жолға шығатыны туралы компания басшылығы тарапынан тапсырма берілді. Деректі алған бойда жедел жұмысқа кірісіп, Ақтөбедегі диспетчерлік орталықтағы мамандарымызбен келісіп, аталған жүктің кедергілерсіз тез жетуін бақылауда ұстадық. Алғашқы лекпен 16 маусымда Қостанай облысынан шыққан бес вагон Шетпе станциясына 19 маусымда, үш тәулікте жетті. Әдетте солтүстік аймақтан бізге жүк пойыздары жеті-сегіз күнде кететін. Екінші партиямен тағы бес вагон 20 маусымда Шетпе станциясына жетті. Сол жерде вагондар түсіріліп, жан-жаққа жүк көліктерімен тасымалдануы тиіс болатын. Тағы да уақыттан ұтып, артық жұмыстан арылу үшін ақылдаса отырып Шетпе станциясына бағытталған жүкті қайта рәсімдеп, бірінші пойызбен Өзен және Маңғыстау станцияларына жеткізіп бердік. Вагондардың үшеуі Өзен, екеуі Маңғыстау станциясына жөнелтілді, – дейді Ақтөбе жүк тасымалы бөлімше- сінің Маңғыстау логистика бөлімі бастығы Айбек Утеков. Айтуынша, бұл аталған жүк «Каспий» ӘКК» АҚ-ның «Азық- түлік Корпорация» АҚ-мен келісімшарты негізінде арзан бағамен әкелінген, қазір тиісті станцияларға түсіріліп, шалғай ауылдарға тасымалдануда. Бір келісі операторларға байланысты 87-92 теңге аралығында сатылуда. Облысқа басқа да жеке мекемелерге, фермерлерге келіп жатқан жем-шөп тиелген вагондар баршылық екен. Маңғыстау теміржо лының басшылығы барлығына бірінші кезекте қолдау көрсетуде.

− Облысымызға теміржол- мен мал азығын жеткізушілердің жүктерін орталық диспетчерлік аппаратпен бірлесе бақылауға алып, кедергісіз тез жетуін қолға алдық. Бүгінде жеке мекемелер мен азаматтарға Қостанай, Өскемен, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан престелген шөп, арпа, камбикорм, бидай қалдығы сынды жемдер әкелінуде. Вагон нөмірлерін алып, қайда келе жатқаны, қашан, қай жерге баратыны – бәрі бақылауда. Негізінен қазір Шетпе, Сай-Өтес, Ақтау порты, Маңғыстау, Өзен, Бейнеу, Жетібай станцияларына мал азығы келуде. 16 маусым күні жалпы мәлімет бойынша облысқа 27 вагон жем-шөп келе жатқаны белгілі болған еді. Қазірде соның жартысы келді, тұйықтарға беріліп, түсіріліп жатыр. Ақтөбеден бүгін таңертең тағы екі вагон қосылыпты. Жалпы, біз бақылауға алғалы Шетпеде жеке тұлғалардың бес, Бейнеуде бір вагоны түсірілді. Ақтау портына екі вагон кетті, – дейді логистика бөлімінің бастығы.

Маңғыстау теміржолының басшылығы жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер атына келе жатқан жем-шөптің станцияға кіргеннен кейінгі жағдайын да ойластырып қойыпты. Күнделікті селекторда станция басшыларына тиісті тап- сырмалар беріп отыр. Дер кезінде маневрлік тепловоздардың берілуі, вагон қараушылар вагонды уақы- тылы қарап, тұйыққа жеткізілуі, құжаттардың тез рәсімделуі – бәрі- бәрі бақылауда.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады