Маңғыстауда техникалық сабақтар тұрақты өткізіледі

Аймақтар
29.06.2021, 10:38
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау темір жолы бөлімшесінде жоспарлы және жоспардан тыс техникалық сабақтар тұрақты өткізіледі. Жақында Маңғыстау станциясы бастығының орынбасары Айбол Есмұхановтың ұйымдастыруымен кезекті техсабақ жүргізілді. Біліктілікті арттыру шарасы теориялық һәм практикалық түрде екі күн бойына жалғасты. Техникалық сабаққа Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясынан ШНЦС-7 маманы О.Жұмабаев пен Маңғыстау жол дистанциясынан жол бапкері Қ.Дәулетбаев арнайы шақырылып, апатты, стандартты емес жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-әрекеті бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Туындаған сұрақтарға жауап берді. Дәріске станция кезекшілері, парк және сұрыптау дөңесінің кезекшілері, пойыз құрастырушылар, вагон қозғалысының жылдамдығын реттеушілер және белгі берушілер қатысты. − Маңғыстауда жыл басында жарияланған «Кәсіби білімді арттыру» үш айлығы аяқталғанына қарамастан қызметкерлердің кәсіби біліктілігін, білімін және техникалық оқу сапасын одан әрі арттыру мақсатында осы техникалық сабақ жүргізілді. Өткен бес айда түбек теміржолында қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайы тіркелген жоқ. Яғни, мұны филиал қызметкерлерінің осы тұрғыда атқарып жатқан жұмыстары мен бүгінгідей іс-шаралардың жемісі деп білеміз. Сондықтан Маңғыстау темір жолының басшылығы Бейнеу, Сай-Өтес, Үстірт, Шетпе, Жетібай, Өзен, Болашақ сияқты қалған станциялар мен локомотив, вагон деполарында да осы іс-шараны жалғастыруға шақырады, – дейді Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі Маңғыстау қосалқы бөлімінің қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің бас маманы Асқат Шарапатдинов.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады