Маңғыстау вокзалында Ashyq жобасы жұмысын бастады

Аймақтар
02.07.2021, 12:10
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

1 шілде күні Маңғыстаудағы теміржол вокзалында «Ashyq» жобасы ресми түрде жұмысын бастады. Маусымның ортасынан бастап жоба түбектің Маңғыстау және Бейнеу теміржол вокзалдарында сынақ ретінде қолданылып келген еді. Кеше түске дейін Маңғыстау вокзалында болып, жолаушы- лардың жаңа жүйемен танысып, өз статусын тексергендерінің куәсі болдық. Вокзал кассасына билет іздеп келген жергілікті тұрғын Дәметкен Сәриева «Ashyq» жобасы туралы естіп жүргенімен, өзі қолданып, мәртебесін анықтап көрмепті. Құжатының жеке сәйкестендіру нөмірін вокзал кіреберісінде планшетпен отырған вокзал кезекшісіне ұсынған ол лезде өз статусын анықтады. Нәтижесі көк шықты. Сондай ақ сол жердегі вок- зал қызметкерлерінен QR-код арқылы анықтау жолын біліп, өзі тексеріп көрді.

− Билет алғалы жатсақ та «Ashyq» жобасы жайлы естігелі пойызға мінгізе ме, жоқ па, қалай болады деген сан сұрақ бар еді. Енді, міне, қазір бәрін түсіндім. Жобамен өзіміздің қай статуста екенімізді оңай біліп, билет алып, жолға алаңдаусыз шықсақ болады екен, – дейді ол.

Вокзалда смартфоны жоқтар және жүйені қолдануды білмей- тіндер үшін арнайы қызметкер бекітілген. Ол қаладан кіреберіс есіктің алдында планшетпен жолаушылардың мәртебесін анықтауға көмектесуде. Сон- дай-ақ, вокзал дикторы да осы жұмысқа қолғабыс етуде. Оған қоса әкімдік тарапынан волонтер да бөлінген екен. − Бүгін таңертеңнен түске дейін елуге жуық адам жүйеден өткізілді. Олардан жасыл және көк нәтиже шықты. Сары, қызыл мәртебесі бар адамдар кездеспеді. Адам саны түстен кейін Атырау және Ақтөбе пойыздарының келіп кету аралығында күрт көбейеді деп отырмыз. Қазір соған дайындық ретінде әкімдіктен жіберілген еріктіні үйретіп жатырмыз. Түске дейін өткендердің дені билет алуға келген және өздерінің мәртебесін анықтап білгісі келетін қызығушылар болды. Сынақ мерзімінде жұмыс бастағалы жалпы үш қызметкер осы жұмысқа бекітілгенбіз, – дейді кіреберісте планшетпен жолаушыларға көмектесіп отырған вокзал кезекшісі Салтанат Байтабынова.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады