Медицина мамандары маңғыстаулық теміржолшыларға кеңес берді

Аймақтар
09.07.2021, 13:54
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда маңғыстаулық теміржолшылар медицина мамандарымен кезедесіп, көкейдегі сан түрлі сұраққа жауап тапты. Кездесу әлемді жайлаған соvid-19 індетіне қарсы екпе туралы болды. Қауіпті індетке қарсы екпе жүргізу бойынша еңбек ұжымдарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған Мұнайлы аудандық ақпараттық насихат тобының өкілдері шілде айының бірінші күнінен бастап теміржол мекемелерін аралауға кірісті. Бас-аяғы он еңбек ұжымында болып, теміржолшылармен жолығып, вакцина алудың маңыздылығын түсіндірген олар көпшіліктің сан алуан сұрақтарына да жауап берді. Жиын Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде басталып, әскерилендірілген теміржол күзетінде аяқталды. − Жиналыстарда бас санитар дәрігердің қаулысы түсіндіріліп, осы жөнінде түсіндіру, ақпарат жұмыстары жүргізілді. Көбінің білгісі келетіні – кімге егуге болады, кімге болмайды. Қорқыныш та бар. Қорқынышты сейілтіп, екпе мәселесінің анық-қанығы жайлы толық мағлұмат берілді. Егуге болмайтын топтағылар туралы таныстырдық. Ондай денсаулығында ақау бар адам дәрігерге қаралып, қорытындысын көрсетуі керек. Аталған нәтижені емханада бірнеше маманнан тұратын комиссия шығарады. Мұны мекеме басшылары да білгені абзал. Себебі 15 шілдеден кейін еңбек ұжымдарына мониторинг топтар бақылауға шығады. Егер сол кезде еш себепсіз екпе алмаған адам жұмыста жүрсе, ол үшін басшысына айыппұл салынады, – дейді Мұнайлы ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Ботагөз Исаева. Айта кетсек, екпе алу қарқыны түбек теміржолшылары арасында күннен күнге артуда. Мәселен жүк тасымалы бөлімшесі бойынша мамыр айының соңында, яғни 28 мамырда 476 болса, 7 шілдеде ол 1172 адамға жетті немесе 60.9 пайызды құрады.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады