Маңғыстаулық теміржолшылр пандемияға қарамастан жартыжылдықты жетістікпен аяқтады

Аймақтар
27.07.2021, 12:58
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Әлемді шарпыған пандемия біраз саланың аяғын тұсаулап, көп кәсіптің қолын байлады. Дегенмен сондай қиындықтарға қарамастан өткен жартыжылдықта Маңғыстау темір жолының жұмысында ілгерілеушілік байқалады. Мәселен, кірістер мен шығыстарды сараласақ, негізгі қызметтен түскен табыс көлемі шамамен 11,2 млрд теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 37 пайызға өскен. Оның ішінде тасымал қызметінен табыс – 10,3 млрд теңге, қосымша а лымдардан кірістер – 418,4 млн теңгені құрап, 80 пайызға артығымен орындалған. Сонымен қатар қосалқы қызметтен түскен кірістер жоспар бойынша 15,2 млн теңге болса, ол іс жүзінде 438,2 млн теңгеге жеткен. Жолаушылар локомотивтерін жалға беруден түскен кіріс есебінен меже осылай жоғары деңгейді көрсеткен. Одан басқа жүк айналымы, вагон өнімділігі мен динамикалық жүктемесі, жүктелген вагонға қатысты вагондардың бос жүрісі, вагон айналымы, вагондардың жүк операциясымен және техникалық станциялардағы тұру уақыты, локомотив өнімділігі мен вагондардың статикалық жүктемесі 100 пайыз артығымен орындалған.

− Бөлімше бойынша өткен 6 айға алдымызға біраз міндетті қойған едік. Атап өтсек, бірінші жартыжылдықта ТМТМ бағдарламасы аясында (Каспий өңірлік халықаралық көліктік бағыты) 8676 контейнер тиелген 35 кеме жөнелтілді. Контейнерлік тасымал қарқын алып, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден 2482 контейнерге көбейді. Оған қоса Ақтау порты бойынша 12843 вагон түсіріліп, 773 мың тонна жүк тиелген 196 кеме аттандырылды. Бұл былтырғы салыстырмалы мерзімдегі көрсеткіштен 7 пайызға көп. Сонымен қатар өткен жылдың 6 айындағы көрсеткішке қарағанда биыл «Қаз- темірТранс» вагон паркінің жалпы жүк тиеудегі үлесі 11 пайызға өсті немесе 52 пайызды құрады. АСУ ДКР бағдарламасымен тасымал құжаттарын өңдеу 0,4 пайызға, қағазсыз технология бойынша тасымал құжаттарын рәсімдеу 0,2 пайызға жақсарды. Биыл 70 шақырым жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған еді. Қазір оның 59 шақырымы бітті, 11 шақырым күзге дейін аяқталады, - деп мәліметпен бөлісті Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі Маңғыстау қосалқы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашов.

Бөлімше алдында тағы бірқатар міндет тұр. Ең алдымен ол – әрине, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтау. Сонымен қатар, «ҚазтемірТранс» паркінің вагондарына жүк тиеу деңгейін арттыру, логистикалық құзыреттерді дамыту: порттармен, терминалдармен өзара жұмыстар жүргізу, контейнерлік пойыздардың маршруттық жылдам- дығын жеделдету, жүктерді жеткізу мерзімін, қосымша шығындар мен уақытты азайту арқылы жаңа клиенттерді тарту. Оған қоса цифрлық технология және қағазсыз рәсімдеу бойынша пилоттық жобаларды енгізу жұмыстарын нақты шаралар әзірлей отырып жалғастыру, пойыздардың тартымына дизель отынының шығындарын төмендету бойынша жұмыстану, станция, вагон және локомотив депосы қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларға сәйкес әлеуметтік тұрмыстық маңызы бар 16 объектіні жөндеуден өткізу, т.т. Әрине, мұның бәрі ұжымның ұйымшылдықпен жұмыс атқаруы арқасында болмақ. − Маңғыстау қосалқы бөлімшесінің 6 айдағы жұмыс қорытындысы бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жағдайлары кездеспеді. Еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы және өндірістік жа- рақат алу оқиғалары соңғы 5 жыл ішінде тіркелмеген. Бұған ең алдымен түбек теміржолшыларының жауапкершілігі, еңбек және технологиялық тәртіптің сақталуы мен қызметкерлерді сапалы оқыту, қауіпсіздік мәдениетін арттырудың арқасында қол жеткіздік, – дейді Нәжімеден Ғұбашов.

Аймақтар
28.07.2026
Маңғыстау станциясында «Қауіпсіз теміржол өткелі» акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
28.07.2026
Шулық теміржолшылар апаттың алдын алды
Әлеумет
28.07.2026
«Үміт» пойызы іске қосылды
Қауіпсіздік
28.07.2026
Ақтөбеде теміржол өткеліндегі қауіпсіздік мәдениеті тексерілді
Аймақтар
28.07.2026
Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде екі автотрансформатор пункті салынды
Қауіпсіздік
28.07.2026
Заң мен тәртіп: Болашақ жүргізушілерге теміржол өткеліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Қауіпсіздік
28.07.2026
Қарапайым ережені сақтайық
Жолаушылар тасымалы
28.07.2026
Пойыздағы санитарлық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?
Спорт
28.07.2026
Бас жүлдегер – «Теміржол қалқаны»
Жаңалықтар / Мұрағат
28.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №57 28 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті