Маңғыстаулық өртке қарсы қызмет жасағы барлық нысандардағы ереже бұзушылықтарды анықтады

Аймақтар
06.08.2021, 11:01
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау өртке қарсы қызмет жасағы соңғы бес жылда салалық жарыста үздік үштіктің қатарынан түскен емес. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша тағы да бірінші орыннан көрінген үздік ұжым кәсіби мерекеде «Салалық жарыс- тың I дәрежелі» дипломын иеленді. Ұжымды осындай жетістікке жетелеген оның басшысы Қайырхан Таласов «Үздік басшы» атанды. Үш өрт сөндіруші Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің Алғыс хатымен марапатталды. Олар: жасақтың Болашақ, Маңғыстау, Бейнеу өрт сөндіру пойыздарынан өрт шеңберін жөндеу шебері Нұрсұлтан Елубай, аға өрт сөндіруші Серік Шалабаев, қарауыл бастығы Бақытжан Дәулетбаев. Бүгінде бұл мекемеде жалпы 43 адам еңбек етеді. Оның ішінде жасақ әкімшілігінде 6 адам, Бейнеу өрт сөндіру пойызында 17 адам, Болашақ пен Маңғыстау өрт сөндіру пойыздарында 10 адамнан. – Былтырғы жеті айда түбек теміржолы ау- мағында өрт кездеспеді. Биыл біреуі тіркелді. Наурызда Бейнеу-Сай-Өтес телімінде №3316 жүк пойызының құрамындағы 2ТЭ10М-№2882 локомотивінің «А» секциясында өрт шықты. Сондай жағдайлардың алдын алу үшін жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Осы жеті ай көлемінде жалпы саны 224 нысанның өрт қауіпсіздік жағдайы тексеріліп, 152 түрлі дәрежедегі бұзушылық анықталды. Олар негізінен темір жол жиегінің қуарған шөп-шаламнан тазаланбауы, автоматты өрт дабыл қаққыштың жарамсыздығы немесе жабдықталмағандығы сынды кемшіліктер болды. Тақтай сөрелерінің асбест қоспасымен қанықтырылмауы, тоқ сымдарының ақауы, тоқ сымдарының кедергі күшінің тексерілмеуі, өртке қарсы сумен жабдықталмауы, тағы да басқа бұзушылықтар кездесті. 8 нысанға және 2 тоқ жүйесі нүктесіне өрт қауіптілігі жайында ескерту парағы берілді. Сонымен қатар 72/513 жолаушылар пойыздары/вагондары тексеріліп, олардан 198 бұзушылық табылды. 5 вагон өрт қауіптілігі жайында ескерту парағын алды. 1173 локомотивтен 534 бұзушылық, 42 арнайы жылжымалы құрамнан 2 кемшілік кездесті, – деп ақпарат берген «ҚТЖ» ҰК» АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің Маңғыстаудағы бастығы Қайырхан Таласовтың айтуынша, өртке қарсы қызмет аталған мерзім ішінде 8 оқу-жаттығу, 5749 жұмыскерге өрт қауіпсіздігі нұсқауын өткізген.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады