Атырау магистральдық желі бөлімшесінің басшылығы ардагерлерге ілтипат көрсетті
Әлеумет
25.10.2021, 09:11
Жуырда Атырау магистральдық желі бөлімшесінде «Қазан – қамқорлық айы» аясында өлке темір жолының дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлерінің басын біріктірген мән-мазмұны ерекше шара болып өтті.
Соңғы жылдары мұндай шара сиреп кеткені рас, ал былтыр- дан бері әлемді шарпыған коронавирус індеті қандай да басқосуға тіптен тосқауыл қойды. Қариялар да үйден ұзап шыға алмады. Ал қазір жағдай түзеліп келеді. Кездесуге келген қариялар бір-бірімен сағына көрісіп, құшақтар айқасып, емен-жарқын әңгіме өрбіді.
Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Елеубай Сапаров ардагер-теміржолшыларға қош келдіңіздер айтып, сала жұмысындағы жаңалықтардан хабардар етті.
«Дария кеуде, тау мүсін, Қарттарым, аман-саумысың!» деп Мұқағали ақын жырлағандай, бүгін Сіздермен кездесудің сәті түсіп отырғанына, аман-сау көргенімізге қуаныштымыз. Сіздер салып өткен сара жолмен бүгінгі ізбасарларыңыз жүріп келе жатыр. Өңір темір жолы да елімізбен бірге дамып келеді. Қазір жолдарымыз жаңарып, бұрын сағатына 50-60 км жылдамдықпен жүрген пойыздар 100-120 шақырым шапшаңдыққа көшті. Атыраудан Сағызға дейінгі жолдар жаңа рельстермен алмас- тырылды. Атырау-Құлсары жолы да солай. Жуырда Атырау-Дина станциясы пойызы ашылды. Салалық жарыста да бөлімше жыл сайын алдыңғы лекте келеді және теміржолшылардың жалақысы мен сыйақысы да соған сай өсуде. Ол істердің бәрінде сіздердің қолтаңбаларыңыз бар. Өйткені кезінде дұрыс шәкірт, білікті инженерлер, өз ісін сүйетін мамандар даярлай білдіңіздер. Соның арқасында бүгінгі буын жарқын істерімен көрінуде. Сол үшін де сіздерге ризашылық білдіреміз», – деді басшы.Ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Айтимовтың айтуынша, бүгінде екі мыңнан астам еңбек ардагері бар. Оларға ұжымдық шартқа сай барлық көмектер беріледі. Тек былтыр-биыл індет салдарынан емдеу-сауықтыру орындарының жұмысы шектелуіне байланысты санаторийге барғандар саны кеміген. Алдағы уақытта қайта жандандырылмақ. Алдын ала жасақталған бағдарламаға сай, ресми жиыннан соң ардагерлер бөлімше музейін аралады. Оны кезінде есімі елге танымал, белгілі теміржолшы Амангелді Селбаев ашқан болатын. Бірер жыл бұрын қайта жаңартылып, жаңа мағлұматтармен толықтырылды. Ардагерлер әр мекемеге, жеке адамдарға арналған бөлімдерге ұзақ аялдап, әріптестері туралы естеліктерімен бөлісті. Одан кейін арнайы автобуспен Атырау темір жол вокзалына барып, жолаушыларға қызмет көрсетудің бүгінгі жай-жапсарымен, билет кассаларының, жүк қоймасының, ана мен бала бөлмесі, басқа да нысандармен танысты. Келесі нысан – облыстық музей. Бұл енді өлке тарихынан сыр шертетін, әріден бастап, тереңнен қозғайтын, әсерлі әңгімелер, әдемі экспонаттар ешкімді бей-жай қалдырмайтын құдыретті орын. Мұнда да музей қызметкерлері көне жәдігерлерден бастап бүгінгі күнге дейінгі асыл қазыналарымызды таныстырып, тарихын сипаттап, мол мағлұмат берді. Өмір бар жерде өлім бар, бағдарлама бағытымен ардагерлер орталық мешітке барып, дүниеден өткен әріптестеріне арнап құран бағыштады. Мешіттің найб имамы Арман Исаев теміржолшылардың бұл имандылық сипатына бас иді. Мейрамханада арнайы жайылған дастархан басында түскі ас ішкен ардагерлер осындай әсерлі кездесуді ұйымдастырушыларға риза көңілдерін білдіріп, баталарын беріп тарасты.
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті