ҚТЖ заңгерлері «Электровоз құрастыру зауытында» болды

Әлеумет
01.11.2021, 15:55
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері «Электровоз құрастыру зауытына» экскурсия жасады. Компанияның құқықтық қызметін қамтамасыз етуші департамент қызметкерлерін өндірістік процестермен таныстыру олардың сала мүдделерін тиімді қорғап, құқықтық тәуекелдерді уақытылы анықтауына және төмендетуге мүмкіндік бермек. Мамандарға тәжірибелі дәнекерлеушілер болашақ электровоз жасалып шығатын барлық цехтарды аралатып, жұмыс процесімен таныстырды. Бұдан басқа, заңгерлер еуропалық технологиялар негізінде тартымдық трансформаторларды шығарып жатқан жаңа цехтың жұмысын көру мүмкіндігіне де ие болды. Цех өткен жылы ашылған. Локомотивтің «жүрегі» 60 жұмысшының қолымен жасалады екен. Цех аптасына 3-4 трансформатор шығарады. Құрастыру цехында екі линияда бір уақытта жолаушылар және жүк локомотивтерін құрастыру жүргізіліп жатыр. Бір электровозды құрастырып шығаруға шамамен орта есеппен алғанда 90 күндей кетеді екен. Қазақстандық-француздық бірлескен кәсіпорын «Элекровоз құрастыру зауыты» бүгінгі таңда толық қуатында жұмыс істеп жатыр. Өнімге қолданатын қазақстандық үлес жылдан жылға өсіп келеді. 2029 жылға дейін зауыт 369 электровоз жасап шығармақ, соның 250-і жүк, ал 119-і жолаушылар локомотиві болмақ.

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды