Болашақ станциясына 10 жылда алғаш рет келін түсті

Әлеумет
28.12.2021, 08:14
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түркіменстанмен шекарадағы Болашақ станциясында бүгін – беташар той. Болашақ болашақ болғалы он жылға жуық уақыт ішінде ауылға алғаш рет келін түсіп, теміржолшылар ауылы мәре-сәре болды. Ақ сақалды қариялар батасын беріп, кейуаналар шашуын шашып, шекара өткеліндегі станцияда кәдімгідей мереке. Келін «Теміржолсу» мекемесінің ардагері, станцияның құрылысына атсалысқан Қарасай Калекеевтің босағасын аттады. Кенже ұлы Асқардың бір басы екеу болып, Қарақалпақстанмен құда болды. Отыздан өткен шағында отау тіккен Асқар Калекеевтің өзі де теміржолшы. Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясының Болашақтағы СЦБ электромеханигі. 2009 жылы елге оралған олар – ат басын бірден осында бұрып, жаңа станцияның қалыптасуына үлесін қосқан алғашқы қоныстанушылар.

– Әкем Болашаққа құрылысы жүріп жатқан кезде келіп, жұмысқа орналасты. Бір жылдан кейін біз де көшіп келіп, қоныстандық, үй алдық, жұмысқа орналастық. Болашақ біздің отбасымыз үшін құтты орынға айналды, – дейді көрші елдің күйеу баласы атанып, Мақпал есімді қызды жар еткен жігіт. Ақтөбедегі теміржолдың жоғары оқу орнын бітірген Асқардың негізгі мамандығы – автоматтандыру саласы.

– Бұл – станциямызда болып жатқан алғашқы келін той. Бұған дейін де келіндер түскен, бірақ олар қалада бас қосып, тойын жасап, кейін келіп жататын. Бүгін ауылға келін түсіп, Болашақ тұрғындары ерекше қуанышты, «той десе қу бас домалайды» демекші, үлкен де, кіші де мәз, ұзағынан сүйіндірісін, – дейді Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбеков.

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды