Өзен станциясындағы анасыз өсіп жатқан бүлдіршіндерге 200 мың теңгенің сертификаты табысталды

Әлеумет
28.12.2021, 10:13
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылар кәсіби одағы орталық кеңесінің «Тілектер шыршасы» атты акциясы аясында Өзен станциясында еңбек ететін теміржолшының балалары 200 мың теңгенің сертификатына ие болды, деп хабарлайды Rail-news.kz. Осылайша, жаңа жылда Аяз ата көп балалы отбасында анасыз өсіп жатқан бүлдіршіндердің тілегін орындады. Сертификатты Теміржолшылар кәсіби одағының Маңғыстаудағы өкілі Әзірбай Тұрмағанбетов табыстап, балалардың қалаған нәрсесін алуына көмектесті. Арманына қол жеткізген балақайлардың қуанышында шек жоқ...

– Теміржолшылар кәсіби одағы орталық кеңесі әр өңірге осындай бір сертификаттан бөліп, балаларға жаңажылдық сыйлық жасауда. Біз оны Өзен станциясында еңбек ететін жалғызбасты әке Бекболат Тоғызбаевқа беруді ұйғарып, өз қолымызбен тапсырдық. Әйелі дүниеден өткен, балаларының бірінің мүмкіндігі шектеулі. Үшеуі мектепте оқиды. Онлайн сабаққа керек деп үшеуі де ұялы телефон сатып алды, – дейді Әзірбай Тұрмағанбетов.

Бекболат Тоғызбаев станцияның Б паркінде жүк көлігін жүргізеді. Перзенттерінің алды жетінші сыныпта болса, кішісі жеті жаста. Әйелі 2017 жылы Жаңаөзендегі теміржол өткелінде пойызбен соғысқан газель көлігінде апат салдарынан қайтыс болған.

– Балапандарымның қуанышын көріп төбем көкке жетті. Осындай мүмкіндік беріп отырған теміржолдың кәсіподақ ұйымына алғысым шексіз. Отбасында әке де, ана да болып бала өсіру оңай емес екен, басқа түскен соң көріп жатырмыз. Қиын-қыстау шақта басшылықтың, әріптестерімнің қолдау-көмегі – маған үлкен күш. Барлығына рахмет! – деп ризашылығын білдірді көп балалы әке.
Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды