Маңғыстаулық теміржолшы жастар биылғы жаңа жылда да  қамқорлыққа мұқтаж жандарды қуанту дәстүрінен айныған жоқ.  Олар  облыс орталығында орналасқан қарттар мен мүгедектер үйіне, психоневрологиялық балалар орталығына, ана мен бала үйіне барып,  мерекелік көңіл-күй сыйлады.  

-  Қарттар үйінің жүзге жуық тұрғыны бар. Оның жартысы төсек тартып жатқандар. Өздігінен жүріп-тұратын қарияларға мерекелік дастархан жайып, әншашуымызды арнадық. Төсек тартып жатқандарға арнайы себет тараттық.  Қайырымдылық шарасына атсалысып, қаржылай көмек жасаған  Жүк тасымалы бөлімшесі кадр бөлімінің басшысы Екпін Қожахметовке, Маңғыстау станциясындағы ТҚКП басшысы Ерболат Сәулебаевқа ерекше алғыс айтамыз. Жайдарманшы жастардан Ержан Нияқзұлов,  Баянбек Жұбатыров, сонымен қатар Ғалымжан Жексенов, Зауре Қосымбаева сынды бұрынғы  әріптестеріміз де  қолдау көрсетіп, ортамыздан табылды,- дейді қайырымдылық шыршасының ұйымдастырушысы Қуатбек Көпбаев.

Теміржолшы жастар психоневрологиялық орталықта ем алып жатқан  балаларға Аяз ата костюмын киіп барып, тәттілер таратты. Ана мен бала үйіндегі аналарды да қуантты.

Шахида Жұман