«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында зардап шеккендер үшін өз бастамаларымен қан тапсыруды жалғастыруда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Естеріңізге сала кетейік, атыраулық теміржолшылар алғашқы донорлар болды. Игі акцияны басқа аймақтардағы компания қызметкерлері де қолдай кетті. Үш күн ішінде қан құю бекеттеріне 200-ден астам теміржолшы жүгінген.