Атырау ЖТ кәсіподағы қиналғанға қолдау көрсетуге қашан да әзір

Әлеумет
25.02.2022, 12:01
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұрбол Нұрышевтің айтуынша, былтырғы жылы жоспарланған мәдени-көпшілік және жұмысшылардың талап-мүдделерін қорғау жұмыстары өз деңгейінде жүргізілген.

  Атап айтқанда, зейнетке шыққандарды марапаттау, пандемия кезінде еңбек ардагерлеріне азық-түлік себетін жеткізіп беру, жұмысшыларға материалдық көмек көрсету, т.б. «Локомотив» спорт клубымен бірлесе «Казпрофтранс-2021» темір жол футбол лигасы Кубогының» іріктеу ойындары, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шағын футболдан жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. Кәсіподақ өкілдері күзгі-көктемгі комиссиялық тексеруге де бөлімше басшылығымен бірлесе шығып, жұмысшылардың еңбек жағдайымен жіті танысып тұрады.

– Әлемді шарпыған коронавирус індетіне байланысты шектеу шаралары орын алған кезде кәсіподақ ұйымы санитарлық талаптарды сақтауға қажетті қорғаныс құралдарына қомақты түрде қаражат бөліп, көп көмек көрсетті. Сонымен қатар, Махамбет станциясына жұмысшыларды тасымалдайтын автобусты жалға алып бердік. Жеке адамдар да әр түрлі өтінішпен келеді. Мәселен, Атырау станциясының вагондарды реттеуші жұмысшының сал ауруымен ауыратын баласына қаржылай көмек көрсетілді. Биылғы «Балалар жылына» орай көп балалы екі отбасына өз сұраныстары бойынша ноутбук сатып әпердік. Аз қамтылған отбасы балалары да үнемі назарда, былтыр 190 балаға 2 149 300 теңге жұмсадық. Сондай-ақ ұжымдық шартқа сәйкес жақыны қайтыс болғанда, аурып қалған жағдайда емделуге, мерейлі жасқа шыққанда берілетін көмектер мен марапаттаулар да уақытылы беріліп отыр. Жалпы, ережеге сай әлеуметтік көмек түрлері 5-30 АЕК көлемінде қаралады. Бұдан басқа ұйым жарғысында белгіленген іс-шаралар мен көмек түрлері өз деңгейінде орындалып келеді, – дейді кәсіподақ төрағасы.

Оның айтуынша, барлық өтініштер комиссия мүшелерімен қаралып, жан-жақты сараланып барып шешім шығарады.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды