Маңғыстаулықтар ежелден Амал мерекесін ерекше атап өтеді

Әлеумет
15.03.2022, 10:34
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау халқы ежелден Амал келді - жыл келді деп, 14 наурыз күнін ерекше атап өтеді. Көптен көрмеген ағайын туған көрісіп мәре-сәре болады. Жатсар үлкендерге сый-сияпатымен көрісе барып, батасын алады. Адамдар өкпе-назды ұмытып, бір бірімен төс қағыстырып, қайта арасын жақындатады. Бұл дәстүр түбек теміржолшылары да жылда жалғастырып келеді.

Биыл да бұл күні өңірдегі теміржол мекемелерінің қай қайсысына бас сұқсан  камзол-кәжекейде құлпырған қыз келіншектер мен көрінісі баяғының батырлары мен ақсақал, хан, билерін еске салар ер азаматтардың ұлттық киімдегі келбетіне қарап көз тояды. Маңғыстау қосалқы бөлімінде де таңсәріден ұлттық әндермен домбыраның үні ғимараттың есігінен аттаған адамға бірден мерекелік көңіл күй сыйлады. Бөлімше бастығы Нәжімеден Ғұбашов пен Орталық теміржолшылар кәсіби одағының өңірдегі өкілі Әзірбай Тұрмағанбетов және басқа да бөлім басшылары  бастаған жас үлкендерге көрісіп келіп жатты. Мәжіліс залға ұлттық дәмдер  мен бауырсақ, ағарған қойылған дастархан жайылып, бәрі ауыз тиді.

Жиналғандарды бөлімше бастығы, кәсіподақ өкілі қыстан аман шығып, осындай көктем  мерекесіне жетуімен  құттықтады. Ел аман, бейбіт заман болсын деп ақ тілекті ағылтып, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

- Маңғыстаулықтар көрісу күніне ерекше мән береді. Өйткені Амал мерекесінің мәні тереңде. Ағайынды татулыққа, жұртты бірлікке бастайтын бұл іс-шара бір күн ғана емес, бүгіннен басталып, жалғаса береді. Көрмеген туған- туысты іздеп барып, көңілін алып қайтады. Біз де алдағы уақытта ардагер теміржолшыларымызға көрісіп, хал жағдайын біліп қайтқалы отырмыз. Өзге мекемелердегі ұйым өкілдері де мұндай игі іске ұйытқы болуды жоспарлауда, дейді Орталық теміржолшылар кәсіби одағының Маңғыстаудағы өкілі Әзірбай Тұрмағанбетов.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті