Он жеті жаста от кешкен...

Әлеумет
13.05.2022, 12:43
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Кешегі сұм соғыстың арамызда жүрген көзі тірі куәгері, семейлік қарт майдангер Дмитрий Литвиненко  Семей темір жолына еңбегі сіген қарт теміржолшы.  

Бүгінде жасы жүзге аяқ басса да әлі тың, әңгімені де жақсы айтатын, қазақ тілінде де мақалдап, майын тамызып сөйлейтін қарияны биыл да Жеңіс күнімен құттықтауға асықтық.  Семейдің орталығында, қызының қолында тұратын  Дмитрий Лазаревичь күн ұзаққа үйде жалғыз болғандықтанба, қонақ келсе балаша қуанады екен. Қонақтарға есікті өзі ашып, құрметпен қарсы алу - жылдағы қалыптасқан дағдысы. Бұл жолы да солай болды. 

Өңіріне Қазақстан туы түстен көгілдір жеңіс лентасын таққан қарттың денсаулығы мығым екен. Жеңістің 77 жылдығымен құттықтай келген жандармен әңгіме-дүкен құрып, жадырай сөйлесті. 

Соғыс даласында түскен жастық шағындағы фотосуреттерін көрсетіп, сол бір сұрапыл жылдарды, ұрыс даласында бақилық болған қимас қаруластарын, өткен күндерді еске алды. Сондай-ақ, теміржол саласында тер төккен жылдарын, әріптестерін де еске алды.   

Дмитрий Лазаревичь 1944 жылдың аяғына таман 17 жасында соғысқа аттаныпты. Ең алдымен Ташкент қаласында қысқа мерзімдік әскери даярлықтан өтіп, өртке оранған майдан даласына әскери эшолонмен жетеді. Сөйтіп, жаяу әскерлер сапында батыс Еуропаны, Украина мен Польша жерін гитлершіл басқыншылардан тазартуға қатысады. 

- Сұм соғыстың соңына таман барсам да, нағыз қан-қасаптың ортасына түстім. Барынша жанталасқан фашистер қатты қарсылық көрсетті. Мен оқ пен оттың ортасында байланысшы болдым. Бұл өте жауапты жұмыс еді. Ұрыс уақытында штабпен байланысты жоғалтудың өтемі өте ауыр. Шығыс Еуропа елдерін жаудан азат ете жүріп, осынау қызметтің қыр-сырына қанықтым. Ал, бейбіт өмірге оралған соң байланысшы болуға шешім қабылдадым. Сөйтіп, сол замандарда қатаң тәртіпке негізделген, әскерилендірілген сала теміржолға қызметке келдім. Майдан даласындағы қалыптасқан кәсіби дағдым зейнеткерлікке шыққанға дейін өзгерген жоқ, - дейді бұл орайда қарт майдангер өз өмір жолы жайында сыр шертіп.  

Бүгінде Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша қалған жалғыз көзі тірі  майдангер Дмитрий Лазаревичь осылайша ұзақ жылдар бойы ШЧ-29 мекемесінде, байланыс саласында абыройлы еңбек етті.  1944 жылы 16 жасында теміржол саласына еңбекке араласып, ғұмырының 44 жылын арнаған Әнуарбек Әбділдаұлы жуырда 90 жастан асқан шағында дүниеден өтсе,  Балтық теңізінің қаһарман теңізшісі атанған Кәмкетай Байыров 96 жасқа қараған шағында бақилық болды... 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұшымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды