Қандыағаш станциясында «Өнерлі теміржолшы» байқауы өтті

Әлеумет
10.08.2022, 11:59
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Көлік қызметкерлері мерекесі құрметіне Қандыағаш станциясында «Өнерлі теміржолшы» байқауы өтті. Алты теміржолшы бақ сынаған сайыс қызық болғаны сонша, станциялықтарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Рационалистік идея, креативті жобаларда қашан да елдің алдында жүретін Қандыағаш станциясының ұжымы теміржолшылардың төл мерекесіне орай байқау өткізеді деген хабарландыру шыққаннан сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер мен қыздар сайлана бастаған. Төрт бөлімнен тұратын «Өнерлі теміржолшы» сайысына алты теміржолшы қатысты. Станциядағы төрт цехтан іріктелген қатысушылар өзара үш топқа бөлінді. Таныстыру, өнер көрсету талаптарынан бөлек теміржолшылар шапшаңдығы мен білім-білігі сынға түсіп, теміржол терминдерін айтудан да жарысты.

Жаңа Қазақстанды елестетуге мүмкіндік беріліп, қатысушылар шарттарды заманауи оқиғалармен ұштастырып орындады. Рационализаторлық идеяларға ерік беріліп, маскадан тігілген көйлек киіп, «елде енді індет болмасын» деген тілек айтылды.

Сайыс қорытындысы бойынша «Өнерлі теміржолшы» болып «Барыс» тобы танылды. Ал «Раушан» тобы – «Тапқыр теміржолшы», «Қызғалдақ» тобы – «Шапшаң теміржолшы» номинациясын жеңіп алды.

– Мезгілдің ыстығы мен суығына, уақыттың күні мен түніне қарамастан жыл он екі ай еңбек ететін теміржолшылар тірлігі қандай қошемет пен құрметке болсын лайық. Төл мереке құтты болсын, ортамызда өнерлілер мен білімділер көбейе берсін! – деді командаларды құттықтап, марапаттаған Қандыағаш станциясының бастығы Асхат Мәжитов.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды