Пойыздарды шұғыл тоқтатудан қандай шығын келетіні айтылды

Әлеумет
22.08.2022, 17:55

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында темір жолдағы қауіпсіздік мәселелері бойынша брифинг өтті. Жиын барысында Алматы жол бөлімшесінің бас инженері Александр Игошен пойыздарды шұғыл тоқтату теміржол көлігінің жұмысына  кері әсер ететінін айтты.

Балалардың теміржолдарда ойнауы және әлеуметтік желілер үшін роликтер түсіруі теміржолшыларды алаңдатып отыр.

«Пойыздың қозғалыс ырғағы адамдардың, малдың немесе автокөліктің болуы себебінен оқыс, жоспарсыз тоқтаған кезде үзіледі. Қозғалыста іркілістер орын алады, бұл орынсыз шығындарға әкеледі, оған қоса пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі бұзылады, ал автокөлікпен соқтығысқан кезде вагондар мен локомотивтер бүлінеді», - дейді А.Игошен.

Оның айтуынша, теміржол көлігі нысандарында бейнероликтер түсіру, құлаққаппен музыка тыңдау, әсіресе капюшонды киіп алып жүру өте қауіпті. Өйткені мұндай жағдайда локомотив беретін сигналдарды естімей қалады.

Теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселесі жайлы баяндаған  Александр Игошен алматылықтар мен қала қонақтарын теміржолдағы тәртіп ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырды.  

«Мұқият және қырағы болу керек! Тек сонда ғана апаттың алдын алуға болады. Кез-келген адам теміржол көлігі нысандарында арнайы бөлінген орындарда: жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдері, тоннельдер, көпірлер, теміржол мен жол өткелдері арқылы кесіп өтуге тиіс. Теміржол  рельстерін ыңғайлы жерде немесе уақытты үнемдеу үшін кесіп өтуге болмайды. Бұл өмірге қауіпті!»,-деді ол.

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұшымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды