Теміржолшыларға құқықтық көмек әрдайым беріледі

Әлеумет
26.08.2022, 10:36
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде екі мыңдай адам еңбек етеді. Бөлімшенің заң қызметкері Дәурен Оңдасыновтың айтуынша, теміржолшылардың жыл басынан бері құқықтық тұрғыда кеңес алуға жеке өтінішімен 11 теміржолшы жүгініпті.

  Олардың сұрақтары да әртүрлі, біреуі денсаулығына байланысты ауыр жұмыстан жеңіл жұмысқа ауыстыру мүмкіндігін сұрайды, екіншісі еңбек дауымен тәртіптік жауапкершілікті алып тастауды, ал үшінші біреуі жұмыстан шеттетпей, қайта жұмысқа қосудың заңдылығын білгісі келеді. 

– Алдымызға келіп, заң тәртібін түсіндіруді өтінген адамдармен үнемі жұмыс жасап, құқықтық кеңес беріп келеміз. Кәсіподақ ұйымымен бірлесіп азаматтардың конституциялық құқығы бұзылмауына қатысты түрлі мәселелерді бірлесіп шешуге тырысамыз және ұжымдық шартта көрсетілген талаптардың мүлтіксіз орындалуын қадағалаймыз, – дейді заңгер. 

Биылғы 7 айда еңбек тәртібін сақтамай, жұмыс орнында тәртіп бұзушылыққа жол беру бойынша 457 ескерту, 190 сөгіс, 19 қатаң сөгіс беріліпті. Олардың сипаттары да әртүрлі, көбінесе жұмысқа кешігу, еңбекке жарамсыздық парақшасын уақытында тапсырмау, өз міндетіне салғырт қарау, тапсырманы уақытында орындамау, т.б. Сол себептен де заңгерлер тарапынан станцияларға, салалық мекемелерге барып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұшымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды