Дүниежүзінде қазанның бірі Қарттар күні ретінде атап өтіледі. Осы атаулы күнге орай «ҚТЖ – жүк тасымалы» ЖШС-сі мен кәсіподақ өкілдері Жастар ісі жөніндегі кеңеспен бірлесе отырып ардагерлерді мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Бұл күні еліміздің барлық өңірінде теміржолшылар бұрынғы әріптестерін үйлеріне іздеп барып, оларды мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады. Оларға басшылық пен компания ұжымы атынан мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеген жылы лебіздерін жеткізді.
Қарт адамдар – теміржол саласының бұрыннан қалыптасқан дәстүрі мен құндылықтарын сақтаушылар.