ҚТЖ төрағасы салалық кәсіподақты 30 жылдығымен құттықтады

Әлеумет
05.10.2022, 10:46

Құрметті «Қазкөліккәсіп» ҚБ ұжымы және сала ардагерлері!  

Еңбек адамының құқығын қорғап, жұмыс берушімен өзара тиімді байланысты нығайтуға үлес қосып келе жатқан «Қазақстанның теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі еңбеккерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігіне 30 жыл толып отыр.  

Өткен үш онжылдықта «Қазкөліккәсіп» қоғамдық бірлестігі төрт көлік түрі бойынша 100 мыңнан астам жұмысшы-қызметкердің басын біріктірген ірі және беделді ұйымға айналды. Бірлестік Теміржолшылар кәсіподағы халықаралық конфедерациясының, ҚР Кәсіподақ федерациясы құрылтайшыларының бірі, сонымен қатар Көлікшілердің Халықаралық федерациясына мүше болып табылады.  

Осы уақыт аралығында Кәсіподақ өкілдері Ұлттық компания жұмысшыларының, сала ардагерлерінің еңбек құқықтарын қорғау мен әлеуметтік жағдайларын жақсарту, өндірістегі қауіпсіздік мәселелері мен еңбек дау-дамайларын шешу, қайырымдылық, спортты дамыту, білім беру мен жастар саясатын жүргізу және басқа да салаларда оң нәтижелерге қол жеткізуге айтарлықтай үлесін қосып келеді.  

Кәсіподақтың «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдары, құрылымдық бөлімшелері басшылығымен өзара қарым-қатынасы тең құқылы әлеуметтік серіктестік қағидаттары негізінде құрылады.  

«Қазкөліккәсіп» ҚБ 30 жылдық мерейтойын тек сөзбен емес, нақты істермен қарсы алуда. Оны біз күн сайынғы жұмыс барысында көріп, қоғамдық өмірдегі шаралар арқылы байқап отырмыз. Биыл мерейтой қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени-бұқаралық, имидждік және спорттық шаралары мен қайырымдылық жұмыстары ауқымды көлемде өтуде. Теміржолшылардың мүддесі жолында тер төгіп жүрген барша кәсіподақ қызметкерлерін мерейтоймен құттықтап, мықты денсаулық, еңбекте береке мен толағай табыс тілеймін!  

 

Нұрлан САУРАНБАЕВ, «ҚТЖ»ҰК» АҚ Басқарма төрағасы

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады