Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлеріне әр балаға 10 АЕК мөлшерінде жыл сайын материалдық көмек аударылады. Атаулы көмек Ұжымдық шартқа сәйкес көрсетілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Мәселен, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС 18 жасқа дейінгі күтімді қажет ететін 709 балаға 22,5 млн теңгеден астам қаржы бөлді.
Айта кетсек, елімізде мүгедектер күні қазан айының екінші жексенбісінде атап өтіледі.