ҚТЖ төрағасы қызметкерлерді Республика күнімен құттықтады

Әлеумет
21.10.2022, 11:23

Құрметті әріптестер! Сала ардагерлері!

Қазақстан Республикасының негізі қаланған күн – Республика күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!  

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен 1990 жылғы 25 қазанда «ҚазКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Еліміз егемендігін алған сол сәттен бастап тарихи дамуда үлкен серпіліс жасады. Қазіргі кезде қуатты әлеуетке ие мемлекет ретінде Қазақстан айтарлықтай табыстарға жетті. Реті келгенде ел экономикасының қарқынды дамуында темір жол саласының алар орны ерекше екендігін айтқым келеді.  

Компания еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға және инфрақұрылымдық жобаларға арналған бағдарламаларды жүзеге асыруда үлкен үлес қосуда. Біз осымен тоқтап қалмаймыз. Алда әлі көптеген жоспарларымыз бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан темір жолын ұлттық көлік-логистикалық корпорацияға айналдыру туралы міндет қойып отыр. Өз істеріңізге адалдықтарыңыз, біліктілік пен табандылықтарыңыз арқасында сол үдеден шығатынымызға сенім мол.  

Осы айтулы мерекемен баршаңызды құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге бейбіт өмір тілеймін! Отанымыздың дамуы жолындағы еңбектеріңіз табысты болсын!  

Нұрлан САУРАНБАЕВ,  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы

 

Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады
Аймақтар
17.07.2026
Семей магистральдық желі бөлімшесі жартыжылдықты табысты қорытындылады
Аймақтар
17.07.2026
Сексеуіл теміржол торабында жүк тиеу жоспары асыра орындалды
Аймақтар
17.07.2026
Ганюшкинодағы жаңа вокзал қызметкерлерін Атырау телімінің басшылығы құттықтады
Жаңалықтар
17.07.2026
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ұжымына жаңа Конституцияның ережелері түсіндірілді
ҚТЖ келбеті
17.07.2026
Дарақ бір жерден көгереді
Қауіпсіздік
17.07.2026
Ақтөбе станциясында күйдіргіге қарсы оқу-жаттығу өтті
Спорт
17.07.2026
Аядай бекеттегі Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
17.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №54 17 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
16.07.2026
Магистральдық желі дирекциясының басшылары Арқалықта жұмыс сапарымен болды
Жаңалықтар
16.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойыздары Ақмола және Павлодар облыстарындағы дала өрттерін сөндіруге қатысты
Аймақтар
16.07.2026
Еңбек процесін оңтайландырған жоба
Жолаушылар тасымалы
16.07.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады
Жүк тасымалы
16.07.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды
Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді