Елімізде жануарларды пойызда алып жүру тәртібі

Әлеумет
03.11.2022, 11:07

Бұған дейін Ресейдегі пойыздарда үй жануарларын қожайынсыз тасымалдау қызметі артқанын жазған болатынбыз. Осы ретте еліміздегі жолаушылар пойызымен үй жануарларын тасымалдау мәселесі қалай іске асып жатыр деген сұрақ туындайтыны белгілі.  Сол себепті бүгін еліміздегі пойыздармен жануарларды алып жүру ережесіне тоқталғымыз келеді. Өзіңізбен бірге жануарды жолға алып шықпас бұрын белгіленген арнайы ережемен танысып алғаныңыз жөн.

Еліміздің пойыздарында үй жануарларын тасымалдау шарттары

  • Тек үй жануарлары

Жолаушылар пойызымен тек үй жануарларын алып жүруге рұқсат етілген, яғни мысық, ит және құстар. Тәртіп бойынша түлкі, қоян, жылан және басқа да жабайы аңдарды пойызда өзіңмен бірге алып жүруге тыйым салынған.

  • Ветеринариялық құжаттар

Үй жануарлары мен құстарды пойызбен тасымалдау үшін сізге ветеринариялық паспорт немесе анықтама алу қажет. Ветеринариялық қадағалау туралы анықтама берілген күннен бастап үш күн ғана жарамды.

  • Купені толықтай сатып алу қажет

Жолаушылар пойызымен жүру үшін жануардың иесі бүкіл купені сатып алуы тиіс, бұл басқа жолаушыларды аллергиялық реакциялардан қорғау үшін қажет. Мәселен, сіз жұбайыңыз, балаңыз және итіңізбен кетіп бара жатсаңыз, 1 бала билетін аласыз, қалған 3 орынға ересек адам тарифі есептеледі. Бір сөзбен айтқанда жануарға ересектердің билетін аласыз.  

  • Жануарды арнайы тормен алып жүріңіз

Пойызбен жол жүргенде үй жануарларын арнайы тор немесе контейнерге салып алыңыз. Егер итіңіз ірі болса оның ауызында тұмылдырығы болу керек. Сондай-ақ ірі екі итті алып жүруге ғана рұқсат етіледі. Оның үстіне иттің жанында қарайтын адамы болу міндетті. Егер сіз бірнеше ит алып жүретін болсаңыз ҚТЖ-ға бес күн бұрын жүк вагонынан орынды жалға алу бойынша өтінім беруіңіз керек.  

  • Көзі көрмейтіндерді бағыттағыш иттер

Көзі көрмейтін иесін ертіп жүретін иттер кез келген вагонмен жүре алады. Олар үшін толық билет құны алынбайды, тек үстеме төлесе жеткілікті.

  • Егер жабайы аң болса

Жабайы аңды тек жүк вагонымен алып жүре аласыз. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бекітілген ережесі бойынша жабайы аңды жолаушылар пойызының купесімен алып жүруге тыйым салынған.

  • Тағы нені ескеру керек?

Пойыздағы үй жануарлары үшін иелері ғана жауапты. Олар жануарды торда ұстап, станцияда далаға шыққанда үнемі бақылауда ұстауы қажет. Сондай-ақ төрт аяқты досын тамақтандырып, оның артын жинап отыруға міндетті.

Сондай-ақ жануармен мейрамхана вагонына кіруге рұқсат жоқ, тек көзі көрмейтіндерді бағыттап, алып жүретін иттерге кіруге рұқсат етілген, оның өзінде арнайы үстел мен орындық тағайындалған жағдайда ғана.

Жолаушылар мен пойыз қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіретін иттерді алып жүруге болмайды.  

Мамандардың айтуынша, кейбір жануарлар түрлі ауруына байланысты ұзақ жол жүре алмайды, осы жағын да ескерген жөн.  

Жануарларды пойызбен алып жүруге қатысты басқа да сұрақтарыңыз болса «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 1433 нөміріндегі бірыңғай анықтама орталығына хабарласуға болады.

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұшымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды