Шекарадағы Болашақ бекетіне жедел жәрдем көлігі жеткізілді

Әлеумет
11.11.2022, 10:52
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Болашақ станциясында жағымды жаңалық. Өткен аптада шекарадағы бекетке «жедел жәрдем» көлігі жеткізілді. Ауыл жұртының талай жыл сарғайып күткен арманы орындалды.

Енді ше, қанша жылдан бері ауырып-сырқаса, ауылда не дәрігер, не ауруханаға жеткізер жедел жәрдемі жоқ болашақтықтар риза болмай қайтсін?! Ауылда дәрігерлік амбулатория болғанымен онда тек бір ғана медбикеден басқа маман жоқ. Сондықтан басы ауырып, балтыры сыздаған тұрғындар Жаңаөзен қаласына немесе Ақтауға қатынауға мәжбүр. Ауылдағы амбулатория қызметі жолдама беруден әрі аспайтын. Енді қажет құрал-саймандарымен жабдықталған «жедел жәрдем» көлігі бар.  

– Болашаққа жедел жәрдем көлігі ауадай қажет. Ауыл медбикесінен жолдама алып, дәрігерге бару үшін пойызбен жолға шығатын халық талай қиналатын. Ауруы асқынып, шұғыл медициналық қызмет көрсету қажет болған жағдайларда адам жанын сақтап қалу үшін амалсыздан науқасты жұмысшыларға арналған пойызға, жүк пойызына мінгізуге де тура келетін. Онымен ауруханаға жете алса бір сәрі, кейде аяғы ауыр келіншектер жолда, пойызда босанып қалатын жағдай көп. Жақында ғана, қыркүйек айында станция кезекшісінің әйелі толғатып, жүк пойызымен жөнелтіп жатқанбыз. Жете алмай жолда босанып қалды. Жанында ауыл медбикесі болды, сол кісі кіндігін кесіп босандырып алған. Ана да, бала да аман. Ал қырсығына айналса ше, беті аулақ... Сондықтан «103» көлігі келіп, қуанып жатырмыз. Қарақия ауданының әкімі өзінің есептік кездесуінде берген уәдесін орындады. Енді дәрігер жібереміз деп отыр. Медициналық тәртіп бойынша ауылға арнайы дәрігер бөлу үшін халық саны 2 мыңнан артық болу керек екен. Бізде 600-ден асады. Десе де, аудандық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы ауылдың орталықтан қашықтығы, жол жоқтығы сияқты жайттарды ескере отырып, маманды өзге ауылдар штаты есебінен аламыз дегенді алға тартты, үміттеніп отырмыз, – дейді Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбеков.  

 

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн