Келесі жылы теміржолшылардың айлығы міндетті түрде өседі – министр

Әлеумет
21.12.2022, 09:33

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Қазақстан темір жолы» теміржолшыларының айлықты көтеру туралы талабына пікір білдірді, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«ҚТЖ-мен қазір нақты жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені Қазақстан бойынша осы теміржолшылар арасында мәселе туындап отыр. Басшыларының келесі жылы жалақыны өсіретін ойы бар. Бірақ оның сомасы қазіргі тарифке байланысты. Бір жағынан тарифті өзгерту белгіленіп жатыр. Ол тарифті бекітсек, жалақының өсімі соған байланысты болады. Бірақ жалақы келесі жылы міндетті түрде өседі», - деді ол Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Журналист министрден теміржолшылардың бұл талабын қаншалықты орынды деп есептейтінін сұрады.

«Ол туралы айту қиын шығар енді. Біз Үкімет тарапынан қазақстандықтар неғұрлым көбірек жалақы алсын деп тілеп отырамыз. Бірақ әрқайсысы шамасына қарай жүк көтереді ғой. Сол себепті тариф төмен болса, табыс болмаса, ҚТЖ-ны да түсінуге болады. Ақша болмаса, оны қайдан алады? Сол себепті жаңа идеология ұсынылып отыр. Олар «бізге жаңа тариф беріңдерші, жаңа идеологиямен жұмыс істейікші, сосын жалақыны да көтереміз» деп отыр», – деді Қайырбек Өскенбаев.

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұшымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды