Бірде-бір бала сыйлықсыз қалмайды

Әлеумет
27.12.2022, 09:19
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жаңа жыл қарсаңында теміржолшылар отбасындағы бүлдіршіндерге сыйқапшық таратуда. Биыл Ұлттық компания бойынша барлығы 141 мың балаға тәтті сыйлықтар тарту етілмек.

Жаңа жылды бас кейіпкерлері Аяз ата мен Қаршақыз болатын ертеңгіліксіз және түрлі тәтті-дәмді толтырылған сый қалташаларсыз елестету, әсіресе балалар үшін мүмкін емес. Бұл жолы да Қазақстан темір жолының арнайы дайындаған дәстүрлі сый қалтасынан түрлі кондитерлік өнімдер, тілі дәм үйірген шоколадтармен қатар жұмсақ беторамал, бояуға арналған әртүрлі суреттері бар кітапшалар, балаларды мультфильмдердің кейіпкерлерін бояу арқылы олармен бірге қиял әлеміне саяхаттауға шақыратын түрлі-түсті қарындаштар табылып, сыйқапшықтың салмағын одан әрі арттыра түсті. Сонымен, мұндай жаңажылдық сыйлықтың иелері кімдер деген сауалымызға «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Саян Сыздықов жауап берді.  

«Біз балалар үшін жаңажылдық сыйлық сатып алғанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның қызметкерлері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Ұжымдық шартты негізге алдық. Онда Компания қызметкерлерінің, сондай-ақ еңбек қызметімен байланысты болған қайғылы оқиға салдарынан еңбекке жарамдылығын толық немесе жартылай жоғалтқан еңбеккерлердің 13 жасқа дейінгі балаларына Компания есебінен жаңажылдық сыйлықтар сатып алу қарастырылған. Егер баланың әкесі де, шешесі де теміржол саласының қызметкері болса, тек бір ата-анаға ғана сыйлық беріледі. Сыйлықтар белгіленген тәртіп шеңберінде үстіміздегі желтоқсан айының екінші жартысында таратыла бастады. Бүгінде шалғайдағы шағын станция-бекетте тұратын барлық теміржолшылардың балаларына компанияның жаңажылдық сыйқапшығы табыс етілді деп ойлаймын, – деді ол.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда