Теміржолшылар кентінде спорт және ойын алаңы ашылды

Әлеумет
27.12.2022, 11:11
Суреттерді түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Балалар жылы аясында Семей ЖТ бөлімшесінде бірқатар игілікті шаралар жүзеге асырылды. Мысалы, желі бойындағы көптеген шағын станцияларға балалардың ойын алаңқайлары орнатылып, көпшілігі күрделі жөндеуден өтті. Балалар үшін танымдық, тағылымдық шаралар ұйымдастырылды.

Жуырда Семей шаһарының іргесіндегі Теміржолшылар кентінде жасанды футбол алаңы мен балалардың ойын алаңқайының ашылу салтанаты болды. Бұл аумақта негізінен теміржолшылар мен сала ардагерлері көп тұрады. Шаһардың шеткі ауданы болғандықтан жергілікті биліктің назарынан тыс қала беретіні де жасырын емес. Әйтсе де, Семей бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досановтың ықпалымен соңғы екі жылда бірқатар жұмыс жасалыпты. Бұл жолы да қуанышты оқиғаға аумақтағы барша балақайлар ата-аналарымен жиналды. Мердігер компания балалардың ойын алаңқайы мен жасанды футбол алаңын қыстың көзі қырауда да жұмыстарын тоқтатпай, дер кезінде бітіріп беріпті. Жаңа ойын алаңының «тұсауы» кесіліп, ақ кимешекті әжелер шашу шашты.  

Жергілікті тұрғындар, сала ардагерлері осы шараға ұйытқы болған теміржолшыларға, кәсіподақ ұйымына алғыстарын жаудырып жатты. Ендігі жерде спортты серік еткен семейлік теміржолшы жастар да футбол алаңын жалға алмайды, жасанды алаң олардың игілігіне де арналған.  

 

Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд