Кәсіподаққа былтыр қауіпсіздік, еңбекті қорғау мәселелері бойынша 100 сауал түскен

Әлеумет
27.01.2023, 09:16
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордада «Қазкөліккәсіп» ҚБ өңірлік кәсіподақ ұйымдарына арналған екі күндік семинар өтті. Атырау, Маңғыстау, Семей жол бөлімшелері мен Защита торабы және «Кедентранссервис» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысқан жиында кәсіподақ қызметінің барлық салаларына қатысты өзекті мәселелер сөз болып, өткен жылғы жұмыстар қорытындыланды.

Семинарды ашқан бірлестік төрағасы Оразғали Ахметбаев жыл басында ұйымдастырылып отырған іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Бірлестіктің бас құқықтық инспекторы Назира Кошкумбаева «ҚР Еңбек заңнамасы», «Ұжымдық шарт: кәсіподақ қызметіне енгізу тәжірибесі», «Кәсіподақ жарғысы және өзге де нормативтік құжаттар» тақырыбында баяндама жасады. Кәсіподақтың еңбек қорғау жөніндегі бас техникалық инспекторы Қайрат Мұқанов «Қауіпсіздік және еңбек қорғау» тақырыбын көтеріп, өндірістік кеңестер, техникалық инспекторларды оқыту, өндірістік нысандарды аттестациялау мәселесін сөз етті.  

– Өткен жылы кәсіподаққа ҚТЖ мен еншілес ұйымдарынан қауіпсіздік және еңбек қорғау, әлеуметтік, басқа да мәселелер бойынша 100 сауал келді. Олардың бәріне дер кезінде жауап берілді. Тағы бір айта кетерлігі, соңғы жылдары қызметкерлердің денсаулығы аяқасты нашарлауына байланысты туындайтын қайғылы жағдайлар көбейді. Сондықтан «Д» есепте тұрған жұмысшылардың жоспарлы ем мен оңалту шараларынан дер кезінде өтіп, тексеріліп отыруы қадағалануы тиіс. Созылмалы ауруын жасыратын теміржолшылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, – деді Қ.Мұқанов.  

Қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасарлары – Жұпарбек Сәбитов 2021-2023 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтырулар жайын сөз етсе, Бақытжан Қуанышев «Қазіргі заманғы кәсіподақтың ақпараттық жұмыстарының ерекшеліктері. Әлеуметтік желілерді қолданудың тәжірибелік машықтары. Мақалалар, БАҚ үшін ақпараттар дайындау. Мобилография негіздері» тақырыбында кәсіподақ өкілдеріне жүктелетін жаңа міндеттер туралы баяндады.  

– Бұл семинар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Осы жолғы жиын мақсаты – жаңадан сайланған кәсіподақ ұйымдары басшыларын жұмыс барысымен етене таныстыру, олардың өзге әріптестерімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру және өңірлердегі кәсіподақ төрағаларының заман талабына сай біліктіліктерін арттыруға септік ету. Кәсіподақтың сайты, әлеуметтік желілерде парақшалары бар, сол құралдар арқылы кәсіподақ қызметінің жан-жақты жұмысын насихаттап қана қоймай, жергілікті жерлердегі әлеуметтік мәселелерді қалай шешу жолдарын көрсету қажет, – дейді Б.Қуанышев.

Семинардың екінші күнінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы қаржы жұмыстары, қаржылық құжат айналымы тақырыбында пайдалы ақпараттар берілді. Сонымен қатар бұқаралық іс-шараларды өткізу тәртібі, жоспарлау және олардың есебін беру жайы түсіндірілді. Жиын соңы «Кәсіподақтың ағымдағы қызметі: сауалдар мен жауаптар, тәжірибе алмасу» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен қорытындыланып, қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды